АЛА-ҚҰЛА КІТАБЫҢ...

Шын мәнінде кітап жасақтау және қаттау – үлкен өнер. Қазірде екі есе өнер: бұрынғыдай офсеттік алюминий табақтың шектеулі санының жетегінде кету жоқ, компьютерде кез-келген жерін күзеп-түзеп, қайта басуға болады. Мұндай мүмкіндік – кәнігі кітап басушылардың түсіне де кіріп көрмеген нәрсе, содан ба: жаңа баспа технологияларына ілесе алмаған байырғы полиграфиялық қызметкерлердің тұтастай толқыны жұмыссыз қалды.
Бірақ кейбір қазақтілді кітап шығарушылардың еріншектікпен ұласатын жаупкершіліксіздігіне жағаңды ұстайсың. Тағы да: «осы бізде-ақ барлығы жаман!» деген кезекті жылау емес, ақиқат осы. Авторлардың жылда екі кітаптан жазып тастай беретін күмәнді таланты өз алдына; ал енді безендіруге келетін болсақ...


«Анадан алып, мынаған салдым»
Әрі қарай