"Нұр Отан" партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасындағы басты 5 нысана
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі. Қоғамдық талқылауға ұсынылған Бағдарламаға бастауыш партия ұйымдары, өңірлік филиалдар, ҚР Парламенті депутаттары, сарапшылар, қоғамдық ұйымдардан 800-ден аса ұсыныс түскен. Бағдарлама жобасы мемлекеттік органдармен келісімделіп, партияның Мәжілістегі фракциясы, партияның барлық өңірлердегі кеңестерінде бірауыздан қолдау тапты. Ұсыныстар ескеріліп, толықтырылған бағдарлама 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданды.
Осы бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа үлкен соққы жасалуы күтілетін 5 басты нысананы талқылап көрейік.
1. Жоғары Оқу Орындары
ЖОО-лар және жалпы білім саласы қазір парақорлық кең тараған салалардың бірі. Арнайы сайт құрылып, парақорлық рейтингі жарияланып тұратын болса жағдай біраз түзеліп қалады.
2. Бизнес
Бизнеске жасалатын әкімшілік кедергілерді азайту — орта және шағын бизнестің дамуы үшін жақсы себеп болмақшы. Бұл саладағы бюрократиялық кедергілерді, рұқсаттарды мейлінше азайту және заңнамаларды жеңілдету арқылы жемқорлықтың алдын алуға болады.
3. Мемлекеттік қызмет
4. Құқық қорғау
5. Мемлекеттік сатып алу
Бағдарламаның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекетті, қоғам мен бизнесті осы әлеуметтік кесапатқа қарсы жұмылдыру болып табылады.
Мемлекет, қоғам және бизнестің сенім, өзара жауапкершілік, әріптестік, айқындық, ашықтық пен есептілік қағидаттарына негізделген жаңа үлгідегі қарым-қатынасын қалыптастыру – Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің өзекті шарты.
Бағдарламаның толық нұсқасын мына жерден қарай аласыз: nurotan.kz
Әрі қарай
Осы бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа үлкен соққы жасалуы күтілетін 5 басты нысананы талқылап көрейік.
1. Жоғары Оқу Орындары
– 2015 жылдан бастап жыл сайын кешенді әлеуметтік зерттеулер негізінде жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жария рейтингін түзу;
– онлайн-портал құру, жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру арқылы ЖОО жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету;
ЖОО-лар және жалпы білім саласы қазір парақорлық кең тараған салалардың бірі. Арнайы сайт құрылып, парақорлық рейтингі жарияланып тұратын болса жағдай біраз түзеліп қалады.
2. Бизнес
– 2015 жылдан бастап шағын және орта бизнеске жасалатын барлық жоспарлы тексеруді алып тастау, сондай-ақ, жоспардан тыс бақылау қажеттілігін объективті көрсететін кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесін енгізу;
– 2015 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жою рәсімдерін жеңілдету;
– 2016 жылдан бастап хабардар ету тәртібіне және өзін-өзі реттеуге көшіру жолымен берілетін рұқсаттар санын 50%-ға қысқарту;
– мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын заңнамалық жолмен қысқарту.
Бизнеске жасалатын әкімшілік кедергілерді азайту — орта және шағын бизнестің дамуы үшін жақсы себеп болмақшы. Бұл саладағы бюрократиялық кедергілерді, рұқсаттарды мейлінше азайту және заңнамаларды жеңілдету арқылы жемқорлықтың алдын алуға болады.
3. Мемлекеттік қызмет
– 2015 жылдан бастап барлық рұқсаттарды электронды түрде беруді қамтамасыз етуге;Тұрмыстық жемқорлықты азайту арқылы халықтың билікке деген сенімін нығайтуға болады. Қағазбастылықты азайтып, электронды қызметтер арқылы уақыт үнемделуі жолға қойылса — бұл нысанадағы мақсаттар жүзеге асады деген сөз.
– 2016 жылға қарай әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді 100% электронды пішімге көшіруге;
– 2020 жылы мемлекеттік қызметтің кем дегенде 80%-ын, 2025 жылы 100%-ын электронды түрде көрсетуге;
– 2025 жылы мемлекеттік қызметтердің кем дегенде жартысын «бір терезе» қағидатымен (ХҚО-лар арқылы) көрсетуге;
4. Құқық қорғау
– сот залдарын 2020 жылға қарай аудио, бейнежазба жүйелерімен толық жарақтандыру;Құқық қорғау органдары және сот жүйесі — сыбайлас жемқорлық кең бойлаған салалардың бірі. Аталмыш аралар жүзеге асатын болса, халықтың құқықтық сауаты артатын болса — билікке сенім арта түседі және мөлдірлік, жариялылық арқылы осы саладағы жемқорлық азаяды.
– үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, барлық сот процесіне қатысушылар мен кәсіби заңгерлердің арасында өткізілетін, алынған нәтижелердің жариялылығын және 2016 жылға қарай соттар мен судьялар рейтингін жасауды қарастыратын мерзімдік әлеуметтік зерттеулермен барлық соттарды пара-пар қамту;
– 2015 жылдан бастап азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде құқық қорғау органдарының қоғамдық кеңестері өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткізілетін іс-шараларға міндетті түрде қатысуы қажет деп есептейді.
5. Мемлекеттік сатып алу
– конкурстық ресімдерді қолданусыз және бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алулар кезінде тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер тізбесін қысқарту;Мемлекет қаржысын дұрыс игермеу, мемлекеттік сатып алулардың бақыланбауы, бағалардың қадағаланбай әділ бәсекелестіктің болмауы — қазіргі үлкен мәселелердің бірі. Триллиондаған теңгенің босқа шашылуына жол бермеу арқылы мемлекет қаржысын дұрыс жұмсау, үнемдеу, нақты бағаға сәйкес сапалы қызмет алу — бұл нысананың басты мақсаттары болмақ.
– квазимемлекеттік секторда қаржыны тиімді жұмсау үшін сатып алу және бақылау үдерістерін реттеу.