Қайткенде адам қалады адам болып?


КТК арнасынан жаңа түрік сериалы болып жатыр ғой. "Қайран заман" деген. Бас жағын көріп едім, тым ауыр екен. Әлде, таныс жағдай, таныс тағдыр болған соң ауыртты ма екен… Әйтеуір, көргім келмеді.
Бірақ, анда санда, мамаға барғанда, бірге көремін. Сол кездері адамның бір қателіктен екіншісіне қалай ұрынатынына, адам баласына деген аяушылықтың, сыйластықтың болмай кететін кездеріне таң қаламын.
Төрт баласы бар отбасын тастады. Мақұл. Жүрекке әмір жүрмейді, жарыңнан суынып, басқа әйелмен тағдыр қосқың келді ме — бәрі өз қолыңда. Бірақ, неге еркектер сол бір қадамды адам сияқты жасай алмайды екен деп ойлаймын.
Неліктен, қанша жыл отасқан әйеліңді тастап бара жатып, тым болмаса сол әйелдің арын, намысын аяққа баспай, адам құсап кетпеске?
Неліктен, әке мейрімінен айрылып, тірі жетім қалып бара жатқан балаларыңның бұдан былайғы тағдырына алаңдаушылық танытпасқа?
Неліктен, тым құрыса, балаларыңның туып, өскен қара шаңырағын солардың өздеріне қалдырып, соқа басың кетпеске?
Неліктен, бұдан былай пешенесіне жартыкеш өмір жазылған бұрын, бір кездері сүйіп қосылған әйеліңнің аяғынан тік тұрып, тіршілігін жалғастырып, балаларын өсіріп жеткізу жолындағы талпынысын сырттай болса да құптамасқа?
Неліктен оны бауыр еті баласы, көз қуанышы кенжесінен айырмай, онсыз да жаралы жүрегін ауыртпауға тырыспасқа?
Неліктен, нақсүйеріңді бұрынғы отбасыңнан алыста ұстамасқа?
Неге? Неге осы ер-азаматтар өздері үшін талас жүріп жатқан кезде қоразданып кетеді? Неге осындай қыл үсті, онсыз да ары таразыға түсіп тұрған сәттерде қоқиланып, айналасындағыларға қорлық көрсетіп жібереді?
Түсінбеймін… Осы сериалды көрген сайын санамды сан сұрақ тілгілейді. Адамның азғындығының шегі осы ма, әлде одан да сорақы қылықтар жасай ала ма?
Сол сериалда мен Джемилеге емес, Алиге жаным ашиды. Сорлылықтың шегіне жетіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, ойыншыққа айналғанын сол өзі ұға ма екен?
Әрі қарай

Қажығұмар Воркута. "Дениз"

— Дениз, ең ақыры — ол сені қан-жоса қылып пышақтап тастап, енді шала-жансар жатқан жоқсың ба?
— Қойшы Мәрт, ашудан өзін өзі ұстай алмай қалған ғой. Тиме оған!
— Дениз, ол сенің клатчыңа улы жылан салып қойып, өткен айда өліп қала жаздаған жоқсың ба?
Әрі қарай

Айша - тағы да бір құсық сериал



КТК арнасында жаңа сериалдың премьерасы болды.

Фильме шетелдік қылмыскерлер мұражайдан жымқырып кеткен «Алтын адам» экспонатын ұрлауға қатысы бар деген айыппен жазықсыз сотталған Айша деген қыз жөнінде. Онда еліміздің құнды жәдігерін қайтару үшін түрмеден қашқан қазақ қызының өршіл рухы мен Отанға, сүйген жарға деген ыстық махаббаты баяндалады.
www.ktk-tv.kz/kz/series/Aisha/

Тақырыбы осы. Ал жеткізілуі сол баяғы стильде. Мұңайған, жаттанды сөздер, төмен дәрежедегі актерлік ойын, нашар режиссура. Оқиғаларда байланыс жоқ, қалай өрбіп жатқанын көрерменнің өз фантазиясына қалдырған. Режиссерін өздеріңіз шамалаған шығарсыздар кім екенін?
Әрі қарай

Сүйісіп болды

Ауылдан әжем келді. Осы кісілердің қолында өскендіктен «Мама» деп атап кеткенмін ғой бала кезден. «Осы күні телебзірден түк көрсетпейді?» дей отырып үйдегі көпшіліктің шешімімен «Денизбен» тоқтаттық канал айналдыруды. Шәй үстінде әр нені айтысып отырдық. Бір кезде кинодағы қыз бен жігіт сүйісті. Мамам «Баяғыда, 3-4 жасыңда кино көріп отырғанда сүйісетін көріністерде көзіңді жұма қалып, үйдегілерге көздеріңді жұмыңдар, сүйісіп жатыр»,- деп айқайлайтынсың.«Көздеріңді ашыңдар, сүйісіп болды»-деп шамалыдан кейін көзіңді ашатынсың" деп күліп еске алып жатыр.Менің де есімде сондай бір бейәдеп көріністер көрсетілсе бөлмеден шығып кететінбіз. Сол кино біткенше ана бөлмеге аяқ баспайсың ғой. Қазір ауылдағы ағамның балалары (жалпы көп елдің балалары) үлкендермен отырып көре беретін болды ғой бұндайларды. Оған етіміз де бетіміз де үйреніп алды.
Бала кезімде сүйісіп жатқандарды көргенде бөлмеден шығып кетсем де соның соншалықты жаман нәрсе емес екенін түйсінетін ем. Кейін үйленгенсін сүйісуден де жақсы нәрселер бар екенін білдік қой)))
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Мынау неге салбырап кеткен?

Болған оқиға, сөге жамандамаңыздар. Реті келсе бұдан да ғибрат алуға болар.

Моншаға(ауылда,өз үйлерінің жанындағы өз моншалары) түсіп жатқан күйеуі әйеліне "Қатын, орамал әкелші«деп өтініш білдірсе керек. Ұмытып кеткен ғой өзімен алуды. Келіншегі қалаған нәрсесін әкеліп бермек болып үйге кіріп келсе,әлгі бір „Бериван“ деген сериалдың қызық жері болып жатса керек. Соны көріп біраз отырып қалыпты.Кино біткен кезде есіне орамал түсіп (чебурашка мен крокодил Генаның приколы бар еді ғой))))иығына іліп алып моншаға кіріп келмей ме? Моншаның іші бу, күйеуі тоңқайып жуынып жатса керек. „Мынау неге сонша салбырап кеткен-ей!“ деп күйеуінің жамбасынан шапалақпен тартып жіберіп үйге кірмей ме? Үйге кірсе күйеуі айнаның алдында шашын тарап тұ екен. „Ойбай, моншада кім бар?“, „Папам түсіп жатыр“. „Өлген жерім осы“ деген келіншегі бір-екі пакетке керек-ау деген киімдерін салып ап қаладағы әке-шешесінікіне тартып тұрыпты. Артынан күйеуі бір-екі рет барыпты келмепті. Ақыры болмаған соң қайын атасы алты айдан соң өзі барып ертіп келсе керек.
Әрі қарай

Жаңа сериал: Ауылдан қашу

Жаңа YouTube-тен видео көріп отырып тауып алдым. Алматыда жүрген ауылдық жігіттер туралы сериал екен. Рольдерде — «Наша Казашаның» жігіттері. «7-арнада» 7 қарашада басталады дейді.
Әрі қарай

Қантөгіс, интрига және секс


Кино түсіріп ақшаның астында қалғың келсе осы формуланы ұстанғаныңыз дұрыс.

Қантөгіс — қантөгістің кейіпкері болуды қалайтындар сирек. Бірақ көздің қиығымен бірінің етін бірі жеп, кескілесіп, бауыздасып жатқан құрыш денелі сүйкімді жігіттерге әркім-ақ қарағысы келеді.
Жігіттер адреналин үшін. Қыздар Брэд Питт типтес жігіттер үшін.
Әрі қарай

Жиі кездесіп жатыр....

— Тууу не болып кетті. Адам сиқты ауыз аша алмайтын болдық.
— Әй, не болды?
— Не болды дейсің бе? Фатмагүл болды.
— Ол тағы не бәле?
— Түкеңдердің сериялы. Бәле болды. Тура ауыз ашар уақытында басталады. Анам, жеңгем қарындасым барлығы соны көреді. «Өздерің шәй демдеп іше салыңдаршы, қазанда тамақ бар, салып жеңдер» деп айтады күніге.
— Мәссаған!!!
Әрі қарай

Қазақ сериалдары мен Түрік сериалдарының айырмашылығы


Түрік сериалдары өте қарқынды дамуда. Айта кететін болсақ, Түрік елінде кем дегенде жылына төрт немесе бес сериал шығады. Қазір халық бұрынғыдай Бразилия сериалдарын емес Түрік сериалдарын көретін болды. Қазір Түркияда сериалдар нағыз бизнестың
Әрі қарай

Айдан Шенердің сериалы басталды (Жизнь в изгнании)



«Королек птица певчая» арқылы танымал болған түрік актриса Айдан Шенерді көпшілігіңіз білетін шығарсыздар. 2008 жылы түскен бір сериалын Хабар кешеден бастап көрсетіп жатыр. Бас жағын көре алмай қалдым, түсінгенім 6 жыл бұрын күйеуі жоғалып
Әрі қарай