Үй гүлдеріне керек ыдыс.

Брунел университетінің индустриалдық дизайнерлер курсында оқитын қыз гүлдерге арналған ақылды ыдыс ойлап тапты.
Ыдыстың қасиеті — өсімдік сусай бастағанда белгі бере алады.Tulipe деп аталатын бұл ыдыстың сенсорлары — өсімдікке температура және жарық пен ылғалдылық жетіспейтінін анықтаса, ыдыстың түбінен ашық қызыл түспен жарық шығара бастайды екен. Наталия Кингтің
айтуы бойынша бұл жаңалығына 8 айдай уақытын жіберіпті.