"Сайлау" саяси қойылымы басталды
Image via Wikipedia
Сағат 16.55-те машина ішінде отыр едік. Сағат 17.00-де “Қазақ радиосы”: “ Бірер сәттен соң Елбасының Қазақстан халқына үндеуін тыңдайсыздар” деп хабарлады да, 7 мин бойы күй тыңдатты. Сосын барып, кісілердің жөтелгендері естілді. Радиодан мұндай хабар естіген қызық екен. Көз алдыңа болып жатқан картинаны елестуге тырысасың. Елбасы: “ Бүгін қаңтардың 31-і” деп қазақша бастады. “ Апыр-ай” деймін ішімнен. Тунис дүрліккені – анау. Мысырлықтар да бес күннен бері ереуілдетіп жатыр… Президентіміз “ Бүгін қаңтардың 31-і ….референдум болмайды” деді. Cайлау мерзімінен бұрын өтетін болды.
Общым, “ Референдум” қойылымы аяқталды. “ Референдум” саяси спектаклінің режиссері “ Сайлау” спектакіліне қандай жауап қайтарар екен?
Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/01/31/%d1%81%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d1%83-%d1%81%d0%b0%d1%8f%d1%81%d0%b8-%d2%9b%d0%be%d0%b9%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d0%bc%d1%8b-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b/