Атыраудағы кездесулер

Соңғы айда Атыраудағы кездесулер саны біразға жетті, ішінде ресми, бейресми түрлері, сайтқа жария болған не жігіттермен жай пибі ішкен деген жариясыз кездесулер көп.

Соңғы Мақпал келіп кеткеннен соң осы қауымдастықты ашып отырмыз.
Кезекті кездесу 17 тамыз күні, Мақпалдың қайтар шағында болады деген болжам бар.
Қатайып қалған дата емес, оған дейін біреу-міреу келіп не ұсыныс тастап жатса шыға береміз.
Әрі қарай

25 кадр

Бұл уже боян болып кеткен тақырып шығар. Өкінішке орай, БАҚ өмір сүргенде бұл нәрсе ешқашан боян болмайтын секілді. Сонымен былай ойлаймын мен:
25 кадр дегеніміз викиде немесе ютубта көрсететін видеолар емес. Ешкім бір секундта өтетін 24 кадрға артық ештеңе қоспайды. Бұл — жай ғана атау. Жиырма бесінші кадрды мен елеусіз болған нәрсені байқатпай адам санасына сіңдіру деп ойлаймын. Мысалы, америка жаңалықтары арқылы да, фильмдері арқылы да мұсылмандарды террорист деген ұғыммен байланыстыруға тырысады. Батыстың фильмінде крест ұлы нәрсе. Тіпті одан қала берді өзіміздің "Қазақфильмде" де жиырма бесінші кадр болған. Қай киноны алып қарасаң да, орыстың мұжығы ақылды, қазақтарға ақыл айтып отырады. Осы секілді нәрселерді жиырма бесінші кадр деп ойлаймын
Әрі қарай

Атыраудағы кезектен тыс @satibaldi оқулары

Осыдан біраз күн бұрын (алдыңғы күні) Атырауда керемет жиын болды. Таңертең Атырауға гастаның келуінен басталды. Бағдарлама бойынша, 9.40 вокзалда Гастарбайтерді күтіп алу, 9.55 жәймен әңгімелесіп, парковкадағы машинаға келу.
Әрі қарай

Өзгенің көзімен қарау

Бұл пікіріме келісерсіз, келіспессіз — бірақ, бүгін мен Азаттықтың беттерін ақтарып отырып мынадай тоқтамға келдім. Біз бір нәрсе туралы ойланатын болсақ өзгенің көрсетуі арқылы ғана ой түйеді екенбіз. Түсінікті болуы үшін сол Азаттықта жазылған Стинг туралы мақаланы келтірейік. Олардың жазуынша Стингтің істеген ісі ерлікке пара-пар екен. Енді соның астындағы пікірлерге назар аударсақ барлығы Стингті қолпаштаған. Мен өз басым Стингтікі ерлік, болмаса жаны ашу деп ойламаймын. Ол жай ғана өзінің беделін өсіруді ойлады. Әйтпесе, адамға жаны ашығыш болса төрт құбыласын еврейлер жауып тастаған Палестинаның тағдырына неге бейжай қарады? «Америкалық арман» ядролық қару іздеп Иракқа кіргенде сол Стинг шошқа тағалап жүріп пе? Келтіре берсең мысалдар көп. Былай ойлаймын, егер Азаттық Стингтің Қазақстанға келмеуін жамандап жазғанда пікір жазған оқырманның баршасы Стингті жамандар еді.
Әрі қарай

Атыраудағы басқосу

Танымал блоггер, журналист Асхат Еркімбайдың кезекті сапарына орайластырылған Атыраулық керекшілердің бас қосуы кеше «Фаворитте» басталып, «Самұрық» мейманханасында жалғасты. Қатысқандарды фотобаян арқылы біле жатарсыздар.
Ойым — осы кездесуде бәрімен амандасып, бір сәлем беру еді. Қазақ күйінің сүйемелдеуімен, тары салынған қазақы қою шайымен ерекше атмосферада өткен отырыста Асхат, Нұрберген және Алишамен танысқаныма қуанышты болдым. Ал Маратхан, Алмастармен ескі керектен таныстығым бар. кәрі қасқырлар
Самұрық ішінде:
Әрі қарай

Мен де жазалайыншы

Есік қаласын Иссык, Ыссык деп атайтын адамдарды Есік қорғанындағы көрлердің біріне ас-сусыз 15 күн қамап, төбесіндегі бір тесіктен тоқтаусыз щебень кесек атқыласа. Сосын 15 күннен кейін аман қалып жатса, әбден тойдырып тамақ беріп, содан кейін ең
Әрі қарай

Әлмірза Звиздунов "Ақиқат наққа кеткен заман"

Әлмірза Звиздуновтың «Тарихтың хуйнауынан шыққан нақиқаттар жинағы» былай депТ:
«Сонда Мәшкүрмәлік көпшілікке қарап, Әбдразақ Мастұр Батырдың хақ мұрагері емес! Мен нағыз ұрпағы! Мен! Мен заңды мұрагерімін! Ал ол өтірікші, нағыз қазақтың өзі! — деп
Әрі қарай

Сатыбалдының дара сөздері

«Ептібайымайдтар, сонша қарапайым әфсана екен деп сөкпеңдер нақ!» © satibaldi

«Нақ» — Сатыбалдының 1-дара сөзі.
«Ептібайымайд» — Сатыбалдының 2-дара сөзі.
«Шешес» — Сатыбалдының 3-дара сөзі.
"Әжес" — Сатыбалдының 4-дара сөзі.
«Енес» — Сатыбалдының 5-дара сөзі.
«Атас» — Сатыбалдының 6-дара сөзі.
«Малатәңә» — Сатыбалдының 7-дара сөзі.
"Қойнақ" — Сатыбалдының 8-дара сөзі.
«Кетнақ» — Сатыбалдының 9-дара сөзі.


Әрі қарай