"Гүлдер ханшайымының" тілінде сөйлеу
Бұл өмірде раушан гүлін сүймейтін қыз бала жоқ шығар… Əдемі иісі, көзді жаулап алатын түрі бар раушан гүлі сонау ерте заманнан бері адамдардың өмірінде сезімді білдірудің бір құралына айналған.
Көне Үндістанның аңызы бойынша, әлемнің сұлуы деп есептелген Лакшми, раушан гүлінен пайда болыпты-мыс.
Ал ежелгі гректер өмірдің тым қысқалығын осы бір әсем де хош иісті гүлдің жаратылысы мен солуы деп түсінген екен. Оларда «Егер сен раушанды байқамай жанынан өтіп кетсең, қайта іздеме» деген мәтел бар…
Ертеден сезімді білдірудің ерекше тəсілдерінің бірі ретінде қалыптасқан раушан гүлінен жасалған гүлшоғы уақыт өте келе аталмыш гүлдің сұрыптарының көбеюіне байланысты «гүлдер тілінің» пайда болуына себепші болған.
Раушан гүлінің «тілін» түсінуді оның түсінен бастасақ
Қызыл раушан махаббаттың белгісі.Кез-келген раушан гүлі махаббат, адамға деген сезімді білдіргенімен, «Раушан гүлдерінің ханшайымы» қызыл раушан шексіз махаббат пен құштарлықтың белгісі ретінде қолданылады.
Ақ раушан – тазалық пен ашықтық.
Ақ раушан гүлін сыйлау «Мен сізді көрген сайын тамсанамын» деген мағынаны білдіреді.
Ал қызыл раушан гүлі «Сіз өзіңіздің қаншалықты сұлу екендігіңізд тіпті өзіңізде сезбейсіз» деген тамсану, сүйсінудің белгісі.
Күлгін түсті раушан – бір көргеннен ғашық болу дегенді білдіреді. Алайда ал қызыл гүлді сыйлағандай құштарлық пен тұрақтылықты білдірмейді.
Жасыл түсті раушан – жомарттық, мәрттіктің белгісі. Психологтар жасыл түс тұрақтылықтың белгісі дейді.
Қызғылт раушан гүлі – талғампаздықтың белгісі. Ол енді оянып келе жатқан сезім, нәзік іңкәрліктің білдіреді.
Сары түсті раушан – қамқорлықтың белгісі. Гүлдер тілінде «Бәрін басынан бастайық, бұрын болғанды ұмытайық» деген мағынаны білдіреді.
Көк түсті раушан – құпиялықтың белгісі. Көк түсті раушан гүлі табиғатта кездеспейтіндіктен оны ерекше адамдарға сыйлайды.
Қызыл сары – рухтану, игі тілектердің белгісі.
Шабдалы түсті раушан – жылулық, қайырымдылық, үйлесімділіктің белгісі.
Қара түсті раушан – қайғының белгісі. Алайда ол күш пен бүлікшіліктің белгісі ретінде де қолданылады.
Сарғыш раушан – «Мен сізді ешқашан ұмытпаймын» деген мағынаны білдіреді.
Ашық түсті раушан гүлдері достықтың белгісін білдіреді.
Раушан гүлін сыйлау этикеті
— «Гүлдердің тілінде» сөйлеу үшін қызға түрлі-түсті раушан гүлінен құралған гүлшоғын сыйлау керек;
— Егер жігіт қызға тек бір тал раушан гүлін сыйласа ол «Мен сізді сүйемін» деген мағынаны білдіреді. Ал ашылғалған раушан гүлін ашылмаған түйнекті раушанмен гүлімен бірге сыйласа «Мен сізді сүйемін, алайда сіз әлі тым жасссыз» деген сөзді деп білуге болады.
— Егер сізге бір-біріне байланған екі раушан гүлін сыйласа, ол жігіттің сізді кездесуге шақырғысы келетін және өмірін сізбен бірге жалғастырғысы келетіндігінің білдіруі деп түсініңіз.
— Үш раушан гүлі – шынайылық пен қарапайымдылықты, жұбайлық өмірдің бірқалыптылығын білдіреді.
— Бес тал раушан гүлі – тамсану, үміт, сыйлаған адамның сізге деген шынайы сезмін білдіреді.
— Жеті раушан – құрмет, мақтауды білдіреді. Егер олардың түсі қызыл болса ессіз құштарлықтың белгісі.
— Егерде бір гүлшоғында жетіден көп раушан гүлі болса – құрмет, марапат, ессіз махаббатты білдірген.
— Бұрындары жігіт қызға алғаш сезімін білдіру ниетімен келгенде қолына ашық жасыл түсті раушан ұстап келеді екен.
— Ашылған раушан гүліне екі ашылмаған раушан түйнегін қосып сыйласа ол бір құпиялықтың белгісі болған;
— Раушан гүлінен тоқылған шеңбер адалдық пен тазалықтың символы есептеледі;
— Раушан гүлінін жапырақтары – үміт, өмірге деген құштарлықтың белгісі болса, жапырақсыз раушан гүлі үмітсіздікті білдірген.
— Тікенексіз раушан гүлі – жан дүниенің тыныштығын білдірген;
— Гүлшоғындағы қызыл мен ақ түсті раушан гүлдері аралас болса ол қыз бен жігіт арасындағы бірлік, қарым-қатынастың беріктігін, өзара келесімін білдіреді;
— Қызыл және сары түсті раушан гүлі араласқан гүлшоғы туған күнге сыйланса «Құттықтаймын» деген мағынаны білдіреді. Ал қызға жігіт сыйласа ол оны қызықты кездесуге шақырғысы келетінінің айғағы.
Жігіттер қыздарға гүл сыйлаңыздар!
P.S. Авторға «Раушан гүлі» жайында кеңес берген «Гүлстан» журналының журналисі Нәзира Бұрханова, фото автордікі.