Риэлторды лақтырып кетудің жолдары



Әлбетте газеттен хабарландыру таба алмайсыз. Одан кейін астаналық болып бара жатқан таныстарыңа телефон шаласыз (кешірерсіздер, тағы да бір күліп алайын



Сайттардағы пәтер хабарландыруларының 99,98 пайызы риэлторлар, агенттіктер немесе жәй ғана боқмұрын делдалдар қойған хабарландырулар. «Без посредников» деп алдап жазып та қояды. Сонымен бағасы, ауданы және түрі сізге ұнағандай-ау пәтерді таңдаймыз да, телефон шаламыз жазылып тұрған номерлердің біріне. Әлбетте риэлтор көтереді де, үйді көрсету үшін қожайынмен уақытын келісіп алып, сізге хабарласады кейін.



Риэлтордың ең әлсіз жері осы. Біз оны ең әлсіз жерінен ұрамыз. Тек тағы бір әлсіз тұсын ұтымды пайдалануымыз керек. Қалай?
Былай: үйді көрсетуге келген кезде қожайынмен оңаша қалуға тырысуыңыз керек. Риэлторға білдірмей екі жақ болып комиссиядан құтылуды ұсынасыз. Пәтер иесіне де бұл ой ұнайды, қабылдайды көп жағдайда. Тек осындай сәтті сәтті пайдалана алуыңыз қажет. Ол үшін алдын ала бір қағазға өз номеріңізді жазып алыңыз, қасына «Келісейік, мына албастыны лақтырайық» деп те жазып қойыңыз. Қағазды білдірмей қолына ұстатып, пәтер ұнамағандай риэлтормен бірге шығып кетіңіз. Немесе үйді қарап жүрген кезде риэлтордың көзінен тыс, оңаша қалып қоятындай мүмкіндік іздеңіз. Кейде ол бейбақ сіз сияқты басқа бақытсыз, пәтер іздеушілерді төменнен кіргізіп алу үшін шығып кетеді. Бұл жиі болатын нәрсе, бір уақытқа бірнеше клиентті шақырады. Ең идеал мүмкіндік осы.
Қысқасы, риэлторды лақтырудың жалғыз жолы осы ғана. Ешқашан аямаңыз оларды, өйткені сіздерді аяп жатқан ешкім жоқ. Жәй ғана ойша есептеп көріңіз олар бір пәтерден 2 комиссия алған кезде қанша табатынын және пәтер бағаларын әдейі қымбаттатушы күштердің бірі осылар екенін. Қалай, оларды өлтіріп тастағыңыз келіп кетті ме?

(Пост жеке өзімнің және достарымның тәжірибелеріне сүйеніп жазылды. 100 пайыз тексерілген, сенімді әдіс)