Ой түбінде жатқан сөз...

Кейде «Керектегі» жазбалардан гөрі, жазылған пікірлер әлдеқайда қызық. Кей пікірді оқығанда күлесің, кейде жылағың келеді. Кей пікірлер ашу шақыртса, кей пікірлерге «келіспеске шарам жоқ» дегендей бас шайқаудан басқа амалың қалмайды. Бұл жазбада қолым қалт еткенде оқи жөнелуді әдетке айналдырған «Керек инфо» сайтындағы көңілден шыққан кей пікірлерді орналастырдым.

*** *** ***
Қазақша білмейтін, қазақша ойламайтын қазақтарды қазақ деп санамаймын. asaubota
Әрі қарай

"Өйткені бұл өмір!" немесе әмбебап жауаптар

Шешендер сайысы: Өйткені бұл өмір! немесе әмбебап жауаптарПікір білдіргің келіп бара жатыр, бірақ ақылды ештеңе ойға түспей тұр, ал өз ойыңды жазып жіберуге біртүрлі ұяласың, не істеу керек?

Саспа, ондай мәселе туса, талай бұқатірестерде сыналған, төмендегі әмбебап жауаптар саған көмек болып қалуы мүмкін деген ниетпен, әмбебап жауаптар сериясын бастап жіберуді жүн көрдім.
Әрі қарай