Ол, "Олар", "Үшіншілер"

Блог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
Ол!
Ол қазіргі жаңа технологияларды жақсы меңгерген. (Компьютер, ұялы байланыстың түр-түрі, планшет, ноутбук, т.б.) Ол өзіне дәл қазіргі таңда не керектігін біледі. Уақытын босқа сарп етпейді, алдына қойған мақсаттарына жұмсай алады. Ылғи да жаңа идеялар тауып, ескінің орнын алмастырып отыруға құштар. Үнемі ізденісте жүреді. Көпшіліктің ойын дөп басады. Әрдайым белсенді, ортасына ұнамды. Негативін жасырып, позитивін жарқырататын жеке тұлға. Ұлы төңкеріс жасау қажет емес, бастысы, еткен еңбегіңнен ләззат ала білу жетістік деп санайды. Ұйымдастырушылық қабілетке ие, соңынан біраз адамды ерте алады, әжептәуір командасы бар. Командаға мүшелер де осал емес, кіл алғырлар. Өзіңізді осы санаттанмын деп танысаңыз, сіз үшін не істейміз? Әрине, қуанамыз да
Блог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
«Олар»
«Олар» ылғи да өзге планетадан келгендей кейіп кешіп жүреді. Бәріне күйіп-пісіп жаны ашиды. Ұлт тағдыры, адам тағдыры, қоғам тағдыры, адамзат һәм қала берді жан-жануарларға дейін жаны ашығыш. Бірақ, қолдарынан келер дәрмен жоқ, тек ыстық эмоцияға бейім тұратындар. Лаулап жанатын «олар» шынтуайтында қаншалықты патриот, қаншалықты ұлтын сүйгіш екенін еш жерден өлшеп көрмеген және өлшеп беретін орын да жоқ. Ол «орынның» жоқтығы да қандай жақсы болған. «Оларды» «Ол» санатына жататындар аса ұната бермейді, «оларға» псевдопатриоттар деп күле де, мүсіркей де қарайды. Өзінің сол топтан емес екеніне кәміл сенімді. Бұлардың да «өз» көсемдері, «беткеұстарлары» бар. Жалауша берсең топ бастайды. Бірақ, «олардың» әлеуметтік эмоциясы қаншалықты сауатты және қаншалықты мән-мағынаға ие? Негізі «оларды» онша ұната бермейтініміз рас, иә?  Өз басым мойындаймын.
Блог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
«Үшінші топ»
О, оларға бәрібір. Күн не, түн не, әйтеуір өтіп жатқан уақыт. Тек «үшіншілердің тынышын ешкім алмаса болды. Тойын жасайды, құдалығын аман-есен атқарып, келін түсіріп, шетел асып, сауда жасап, басқа да күйкі шаруалармен басы қатып дегендей… Оған саясатыңның да, ақыл-ойыңның да, әдебиет-мәдениетіңнің де қажеті шамалы. Тіршілік есебі түгел, көк көйлегі бүтін, қарны тоқ болса болды. «Үшіншілерге» анау пәленше деген классик өлді ме, жоқ тіріліп келді ме я болмаса бір алпауыт мемлекеттің басшысына «бірдеңе» болып қалды ма, бәрібір. Бәрібір болмағанда немене, именно сол барып тоқтату, оның да, «Олардың» да, біздің де, жалпы ешкімнің де шаруасы емес. Сонымен, тұжырсақ, «үшіншілердің» ештеңемен шаруасы жоқ. Шаруасы бола қалған күннің өзінде оларға біздер таңырқап қалуымыз мүмкін, «саяси сауаты» ашылып кеткен бе?» деп. Бұл топты кінәлауға менің ешқандай құқым да, қақым да жоқ және өте орынсыз. Мойындау-2.
Блог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
… «Ал, сен өзіңді қай топқа жатқызасың?» — деп сұрағыңыз келіп тұрса, жазғандарымнан жобалай беруіңізге болады. Тапсаңыз әрине хихихи Айтпақшы, әнеубір суретке бола мені сөкпессіздер)))
Әрі қарай