Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты

Ағылшын пәнінің мұғалімі Ұлжан апай айтқандай, «өмірде жаусыз қызық емес» деген сөзден бастағым келіп отыр. Өмірде де, әлеуметтік желілерде де біз дос жинағанды жөн көреміз. Ұнамағандарды жай ғана қара тізімге енгізіп қоя береміз. Мысалға, әлемге танымал әлеуметтік желі Facebook-те қолданушылар бір-біріне достық жібереді. Ал Хейтбук (www.hatebook.org) сайтында керісінше жау жинайсыз. Өзіңізге ұнамайтын, түсінбейтін немесе қабылдай алмайтын әрекеттер мен заттар туралы пікіріңізді жариялайсыз. Осындай антиәлеуметтік желі десек те болады. Біз үшін бір кемшілігі, сайт интерфейсінің ағылшын тілінде болуы, алайда ағылшын тілін осы сайтта өзіңіздің жек көретін нәрсеңіз туралы түсіндіруге немесе өзіңіздің жауларыңыздың жыны келетін нәрселерін түсінуге талпыну арқылы үйренуге болатындай.) Сыртынан болсын, көзінше болсын өсек айтуға да өте таптырмас құрал.
Әрі қарай

Спорт сарап

asaubota ағамыз 2013 жыл қазақ интернетінде «бум» болады деп айтып еді. Соның куәсі болып келеміз. Жақында ҚазНеттің қоржыны тағы бір сайтпен толықты. Спортқа арналған «Спорт-сарап» деп аталатын жаңа сайт оқырмандарға жол тартты.

Негізі бұл сайтты 2013-тің қатарына жатқызуға келмес. Өйткені пыртал былтырғы желтоқсан айында ашылыпты. Олжас Нұразхан баурымыз басшылық жасайтын сайттан қызықты ақпараттар, фото, видео, сұхбаттар оқи аласыз.


Әзірге сайттың бастамасы жақсы. Спорт туралы жазатын Аламан, АлашАрена, СпортСарап сынды сайттардың көп болғаны дұрыс қой. Бәсекелестік болады ғой. Кіріп оқып тұрайық.

www.sportsarap.com/
Әрі қарай

get-tune.net!

Бұл сайт 2011 жылы ашылды және өздеріңіз көріп отырғандай интерфейсі қазақ тілінде емес, бірақ аталған сайттан қазақша әндерді де жүктеуге болады.

Радиосы бар.______________________________________________________________________
Плеері бар.
Әрі қарай

Мына кереметті қараңдар...

Бірінші бүгінгі шыққан бір жаңалықпен танысып шығыңыздар. Сосын сол жаңалықтағы сайтқа кіріп қараңыздар. Ойыма аталарымның «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады» деген сөзі түсті..

Открылся детский портал на казахском языке для пользователей Интернета в возрасте от шести до 10 лет, его организаторы — АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) и президентский Фонд развития государственного языка, сообщает пресс-служба КМГ.

«Web-сайт www.balbulaq.kz был разработан в соответствии с государственной программой развития и функционирования языков на 2011-2020 годы и в рамках мероприятий, приуроченных 20-летию независимости Казахстана», — говорится в сообщении, распространенном во вторник.
Әрі қарай