Менің территориям
Әдетте қыз бен жігіт жүре бастағаннан-ақ, жеке территорияға кіре бастайды. Жеке торритория дегеніміз — адамның өзін еркін сезінетін меншікті мекені. Қол сұғуға болмайтын құқығы. Бірақ кездесудің екінші күнінен-ақ бір-бірінің агенттерінің паролін алып, кіммен сөйлесіп, кіммен араласатынын тексергенді жақсы көреді. Достарының жақсы-жамандығын айрып беріп, ақылгөйсиді. Кафеге барады, бірақ 2-3 сағатта 5-6 рет телефон соғады, қалай қыдырып жатырсың, кіммен жүрсің, не ішіп жатырсың, қашан қайтасың деген нервыңа тиетін сұрақтар қояды.
Әрі қарай

Досым әйеліне қатты ренжіп қалыпты — бір отбасында кейде болып тұратын қалыпты жағдай деуге келетін де, келмейтін де сияқты…
Мені қызықтыратыны өңтүстік өңірінде әйел алу дәстүрі. Дәстүр деуім тым артық болар, бірақ сонда да басқа сөз таппадым. 
