Шәууaл айында ораза
Сұрақ: Рамазан айынан кейін Шәууал айында ораза тұтудың қандай құндылығы бар?
Жауап: Ораза тұту әркез үлкен сауап. Хадис шәрифте «Ораза жаһаннам отынан қорғайтын қалқан» делінген. (Бұхари)
Шәууәл айында ораза тұтудың да сауабы көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Рамазаннан кейін Шәууал айында да 6 күн ораза тұтқан адам анасынан туған күндегідей күнәсыз болады.»(Табарани)
«Рамазан оразасы мен Шәууал айында да 6 күн ораза тұтқан адам бір жыл ораза тұтқан болып саналады.» (Ибн Мажә)
«Рамазан айының оразасы он айға, Рамазаннан кейін тұтылған 6 күн ораза да екі айға тең болады, осылайша бір жыл ораза тұту сауабына қауышылады.» (Ибн Хузейма)
Бұл алты күн оразаны уақыт өткізбестен айттан кейін дереу тұтудың жақсы болатыны білдірілген. Арасын үзуге, басқа басқа күндері тұтуға да болады.