Қонақ...
-Әлө, Бөтен, сенбісің?
-Иә, менмін. Бұл кім екен?
-Мен ғой, Шәкіш. Ертең қолдарың бос па?
-(азғана ойлану)Иә, боспыз.
-Онда ана жаман қатыныңды ертіп біздікінен бір омыртқаңды мүжіп кет. Бір бірімізге бөтен адамдар емеспіз, ауылдаспыз дегендей… Оның үстіне көріспегелі де көп болды.
-Не ғой… Жәй шақырдың ба?
-Жәй-жәй… Келсей әуелі, көресің ғой.
Ертесіне кешкілік Бөтен қатынын қолтықтап ауылдасының есігін қағып тұрды. Көзі есіктің маңдайшасындағы қағазға түсіп кетті. Ашып оқыса «1 апреліңмен тыбаймайт! Біз ауылға кеттік»деген жазу екен…
Әрі қарай