"Керектен" үйренгендерім))))
Аса құрметті админ ағай мен Сатыбалды, Саммита мен АКҮ (ханым) һәм Гаста, Бекжан, Алдан, Марко, Нұрғиса мырзалардың
Неге деп бағжиып қарама, проста жұмыс орнымыз оң жағалаудан, сол жағалауға көшіп, арада біраз уақыт Интернетсіз қалдық. Сол себебі. Жаңа сөзден сөз шығып, Сатекеңнің «мамандық» туралы постынан кейін, «Ойпырай осы „Керекке“ келіп біраз нәрсе үйреніппін ғой» деп ойланып
Так содан, не үйрендім өзі құдай-ау. А, Сатекеңнің "Қойшы-әйінан" бастасақ. "Кет на...", «лібә», «Күчт ғуә», «ИМХО», «Ом манэ падме хум», «ОлАһи-буддахи», «амиго», «пахом», «сыболыш», «бензин шашу», «отқа май құю», «ептібайымайд», «мұрттыбайымайд», "қолтықтан кеттім", «боғреем», «мұңайған боқ», «тас», «исажар», «Буддажар», «херметті», «жұма күнгі бояндар», «көтіқарақты христиандар», «кажись», «рәсә», «бұтақты жеме», «пензес» деген сияқтылар өріп кете береді. Енді в данный момент есіме түсіп тұрғандары осы.
«Керекке» алғаш шәйник боп келіп, ақырында үйренгендерім
Енді маған әлі бағжиып қарап тұрсыз ба, бұны не мақсатта жазды деп. Жаңа айттым ғой, «Керектің» арыстан-асқабақбасты патшасы Сатыбалдының мамандық туралы жазбасынан кейін осы ой келді да проста. Сосын жаңадан келгендерге типі путеводитель болсын деген түрім ғой. (Мә, не деген жанашырлық десейші)
Ал, енді сіздер де кісіліктеріңе зияны тиіп кетпесе не үйренгендеріңізді айта отырсаңыздар деген өтініш бар. Хи-хи. (Тссс, депрессиядан өш алып, Монтидан смайлик ұрлаған түрім ғой)
Р.S. «Сатыбалдыһәмкерекомания ІІ стадия» деген диагнозым да бар. Тек нотариусқа барайын десем, далада аяз боп тұр да.