Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын ашқандарға субсидия беріледі

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мақсатында, олар үшін арнайы жұмыс орнын ашқан кәсіпкерлерге субсидия берілетін болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


«Елімізде мүгедектерді  әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және  «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-1-бабына сәйкес, аталмыш шара қолға алынып отыр.


Аталған ақпарат күшіне еніп, мүгедектерге жаңа жұмыс орнын ашқан кәсіпкерге  280 000 теңге  субсидия беріледі. 


Бұл қаржыға:


Тірек-қимыл аппараты зақымданған, оның ішінде кресло-арбамен қозғалатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарына:


- Биіктікті өзгерту мүмкіндігі және жұмысқа бейімді беті бар үстел;


- Биіктікті өзгерту және отыру және арқа бейімді мүмкіндігі бар орындық;


— Компьютер;


— Қосымша аяқ салғыш;


— Қосымша шынтақ сүйеніші;


— Қозғалысты жеңілдетуге арналған қосымша таяныштар мен тұтқалар;


— Вертиколизатор;


— Заттар мен бөлшектерді қармауға және ұстауға арналған аспаптар, құрылғылар;


- Мүгедектің шектелуін өтеумен байланысты өзге де арнайы жабдықтар мен аспаптар.


Есту қабілетінен айырылған жандарға:


— Жарық беру;


— Қауіпті жағдайда белгі беретін жанып-өшетін жарық құрылғысы;


— Жарықпен дыбыс шығаратын құрылғы;


және өзге де құрылғылар кіреді.


Субсидия алу тәртібі және қажетті құжаттар:


1.      Өтінім https://www.enbek.kz сайтына тіркеліп, электронды түрде беру;


2.      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе сол туралы анықтама;


3.      Жұмыс орнындағы құрал-жабдықтарды сатып алуға кеткен шығын сметасы;


Аталмыш құжаттарды Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына өткізу қажет. Айта кетейік, уақытша жұмыс орнын ашатын жұмыс берушілерге субсидия берілмейді.


Өмірге құштар жандардың мақсаты айқын

Өркениетті мемлекеттер мүмкіндігі шектеулі жандарды кеудесінен итермейді.Қайта оларға алабөтен құштарлықтың иесі деп, бір қабілеті болмаса, екіншісіне қарап, шарболаттай шыңдалуына,қиыннан қисын тауып,өмірдің қалтарысы мен бұлтарысында, шырғалаң жолында
Әрі қарай

Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады

Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ресми тойлауды бастап кетті.
Оңтүстік облыста алғашқылардың бірі болып, Сайрам көмекші-мектеп интернатының тәрбиеленушілері Ақордаға,қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мерейтойлық
Әрі қарай

Суреттер сөйлейді

Айналамызға зер салып қарар болсақ, өмірдің сәулелі сәттерін аңғара білмейтін көзі бар соқыр, тіршіліктің жанға тыныштық сыйлайтын сазды әуендеріне құлақ түре білмейтін құлағы бар керең, сөйлейтін жерде сөйлемей қалатын тілі бар мылқау, өмірдегі өз орнын таба алмай адасып жүрген рухани мүгедек жандарды кездестіруге болады. Өмір сынағына мойымай, сүрінсе тұра біліп, үмітін үзбей, алға жылжи білетін мына бір адамдар шынайы бақытты жандар болар, бәлкім… Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні ретінде атап өтіледі.



Әрі қарай