Мендегі бір бастама: "CӨЗ.KZ" әлеуметтік жобасы.

СӨЗ.KZ жобасы — бұл ұлы ойшылдардың, данышпандардың, Аллаһ (Субаһанаһу уә Тағалә) пен оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) даналыққа толған асыл да көркем сөздерін әлеуметтік желілерде әдемі суреттермен таратып, мотивация жасау. Жастардың ойына ой қосып, оларды даналыққа жетелеу

СУРЕТТЕРДІ ДОСТАРЫҢЫЗБЕН БӨЛІСІП, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАТУЫҢЫЗ СҰРАЛАДЫ.

Әсіресе басты өтініш: ВК-да отыратындар болса топқа тіркеліңіздерші. Әйтпесе адам слыйшком ап-аз(
Әрі қарай

Naqyl.kz қазақ мотиваторлар сайты: мақсаты, қолдануы

Жақында 25 қаңтар күні Жаңа-Ой Орталығы naqyl.kz атты жаңа қазақша мотиваторлар сайтын аштық. Бұл сайтты ашуға себеп, өткен жылы zhanaoi.kz сайтын ақпараттық сайт ретінде ашқанда, мотиваторлар деген бөлім болушы еді. Сайтта онымен қоса IT, hi-tech жаңалықтар, бизнес пен психологияға қатысты блогтар, бағдарламалау тілдері сабақтары болса да халық көбірек осы мотиваторларға қызығушылық танытты және әлеуметтік желілерде көп таралды. Сол кезде мотиваторларға арнап бөлек сайт ашу керектігі жайлы жаңа ой пайда болды және ол сайтта тек сайттың әкімшілері ғана емес, кез келген қолданушы жасайтындай мүмкіндік болса деп армандадық. Сонымен 3-4 ай еңбектің арқасында осы сайт пайда болды.
Сайттың айдарларына шолу жасап, қалай қолдану жайлы толығырақ түсіндіріп кетсем деп едім. Себебі көпшілік әлі сайтты түсінбей жатыр.
Әрі қарай

КерекИнфо мотиваторлар байқауы

КерекИнфоны қысқаша қалай суреттер едіңіз? Бір-екі сөзбен қалай сипаттар едіңіз? Осы ойыңызды мотиватор арқылы жеткізіп көріңіз. Сіз үшін КерекИнфо не?

Байқауға тек мотиваторлар қатысады. Сондықтан мотиватор талаптарына сай болуы тиіс:

— тақырыпқа сай сурет, көк фон ішіне орналастырылады;
— ортасына Times New Roman шрифтімен қою қылып KEREKINFO.KZ сөзі жазылуы тиіс;
— астына сіздің КерекИнфо туралы сөзіңіз;
— суреттің ені 500 пиксельден аспауы тиіс;

Мысал үшін мынандай мотиваторлар:


Әрі қарай

Қазақша мотиваторлар. №1

01

Мотиваторлар — өмірге деген оң көзқарасын тудыртып, кейде адамдар күнделікті күйбің-тірлікпен жүріп ұмытып кететін ең қарапайым деген нәрседен өмірдің мәнін тапқызатын сөздері бар суреттер.

Мінеки, орыстың сайттарынан алынып, өзім аударып жасаған бірнеше мотиваторлар тізбегін ұсынамын. Тамашалаңыздар, бағалаңыздар.))))
Әрі қарай