Астана күні биыл қалай тойланады?

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аталып өтетін жылы Елорда күні ерекше мәнге ие. Қала әкімдігі әрбір елорда тұрғыны мен қонағына қызықты болатын әр алуан мәдени-спорттық шаралар бағдарламасын әзірледі деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Мерекелік шаралар географиясы қаланы тұтастай қамтиды, соның ішінде қала маңын, гүлбақтар мен парктерді, сондай-ақ, қалалық алаңдарды.

Мерекелік бағдарламаның шымылдығы маусымның 20-нан 26-на дейін өтетін «Сахнадан сәлем» театр фестивалімен ашылады. Өнер сүйер қауым еліміздің өңірлерінен, сондай-ақ, Ресей мен Украинадан келген сахна майталмандарының үздік қойылымдарын тамашалайтын болады.

Эстафетаны AstanaArtFest 2016 қазіргі заманғы өнер фестивалі жалғастырады. Шара аясында Сулы-жасыл желекте би мен музыка фестивальдері, кітап пен поэзия мерекелері, суретшілер симпозиумы және т.б. қызықты шаралар ұйымдастырылады.

Биыл Астана тұрғындары мен қонақтары түрлі мемлекеттердің әртістерінің қатысуымен өтетін «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалін, музыка индустриясының үздіктерінің қатысуымен өтетін «Астана Арқау» түркі музыкасыныңфестивалін көре алады.

Елорда күні аясында отандық сән индустриясының көрсетілімі меналғаш рет сән мен стиль саласындағыELLE журналының сыйлығымен марапаттау салтанаты ұйымдастырылады. Қазақстандықтардың назарына «Арқайым – Күннің қаласы» технологиялық 3D-шоуы ұсынылады. «Астана Әзіл Фест» және «Көңілді Астана» жобалары аясында әзіл-сықақ кештері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Айта кетейік, биыл қазақтың бай мұрасы мен мәдениетін насихаттайтын іс-шараларға баса назар аударылмақ. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі аясында үлкен этноауыл орын тебеді, бұдан басқа, алғаш рет «Қымызмұрындық» этнографиялық қымыз фестивалі, халық аспаптары оркестрлерінің «Серпер» музыкалық фестивалі өтеді. Жаздың жарқын оқиғаларының бірі «Бағаналы ордам – басты ордам» республикалық ақындар айтысы болмақ. Қазақстандық композитор Сейдолла Бәйтерековті еске алуға арналған кеш пен «МузАрт» тобының шығармашылығының мерейтойына арналған концерт аншлагпен өтеді деп күтілуде.

Салауатты өмір салтын ұстанатындарға арналған спорттық бағдарлама Елорда күніне арналған шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады. Көрермендер мен спортшылар халықаралық жауынгерлік өнер фестивалін, дуатлоннан қалалық турнир, ұлттық спорт түрлері — асық ату мен қазақ күресінен — «Қазақстан барысы» турнирін тамашалайды.

Биыл Елорда күнін мерекелеуге Қазақстанда аккредиттелген басқа елдердің елшіліктері де өте белсенді қатысады. Мысалы, АҚШ елшілігі Астанаға «Broadway Bound» мюзиклін әкелу бастамасын көтерді, ол Бейбітшілік және келісім сарайында және Бәйтеректің жанындағы ашық алаңда көпшілік назарына ұсынылады. Ал Италия елшілігі «Астана Самалы» үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестиваліне қатысатын ту көтеріп жүретіндерді әкеледі.

Шаралардың толық бағдарламасымен, аңдатпалар мен алдағы оқиғалар туралы ақпаратпен www.astanaday.kz сайтында танысуға болады.

Концерт билеттері «Қазақстан» ОКЗ, «Mega Astana» СОО, «Сарыарқа» СОО, «Керуен» СОО, «Конгресс-холл», «Жастар» сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, ҚазМедиа орталығы, Министрліктер үйі 11-ші кіреберісте орналасқан қалалық кассаларда, сондай-ақ, www.koncertyastany.kz сайтында онлайн режимде сатылады. Концерттердің жазбалары жетекші республикалық телеарналардан көрсетіледі.
Әрі қарай

Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

Жеңіс күніне орайластырып, Астанада велошеру маусымы ашылды. Бұл шараға спортшылар, қоғам қайраткерлері, елорда тұрғындары мен белсенділер қатысты.

Қатысушылар «Салтанат сарайының» алдындағы алаңнан «Сарыарқа» республикалық велотрегіне дейін жүріп өтті. Маршруттың ұзындығы 4600 метр.

Астана жаңалықтары: Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

Марафоншылар үшін сөреде велопрокат пункттері ұйымдастырылып, қатысушылардың дені Astana Bike велосипедтерімен жүрді. Шара әрбір қатысушыға күні бойына керемет көңіл күй сыйлады.

Астана жаңалықтары: Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

— Бұқаралық спорттың белсенді дамып келе жатқаны қуантарлық жайт. Қатысушылардың басым бөлігі жастар, оқушылар. Спорт денені шынықтырып қана қоймай, адамның рухын да көтереді. Ал адамда негіз болса, ол рухани бай болса, тұлға қалыптасады. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Қазақстандықтарды осындай шараларға белсенді түрде қатысуға шақырамын. Ардагерлерді де құттықтаймын, өмірдегі бар жақсылықты тілеймін, — деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Ведомство басшысы шараны ұйымдастырған Астана қаласының әкімдігіне, Қазақстан велоспорт федерациясы мен Ұлттық олимпиада комитетіне спорттық мереке үшін алғысын білдірді.

Астана жаңалықтары: Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

Мәреде акцияның салтанатты бөлімі өтті, шара барысында белсенділік танытқандар мен номинациялар бойынша жеңімпаздарға бас жүлде велосипедтер табысталды. «Спорттық отбасы» номинациясында Атабаевтар әулеті топ жарды. Төрт жастағы Әмір Досмұхамедов ең жас велошабандоз атанды. Үш аяқты шайтанарбамен жарысты бастаған ол әкесінің қолдауымен мәреге жетті. Велошеруге қатысқандардың ішіндегі ең үлкені — 70 жасар Надежда Радченко.

Астана жаңалықтары: Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

— Бәріміз де велосипедпен жүреміз, күйеу балам да, қызым да, немерем де. Осындай шараларды міндетті түрде өткізу керек. Адамдар көп келді. Бар күш-жігерімді жинап, сыйлыққа қолжеткізгеніме қуаныштымын,- дейді Надежда Николаевна.

Айта кетейік, велошеру Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мәңгі жадымызда сақтауға және оларға тағзым етуге бағытталған «Жеңіс» республикалық әлеуметтік қайырымдылық жобасы аясында өткізілді.

Астана жаңалықтары: Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Бүл күні Елордада таңертеңнен бері Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатты. Әскери-тарихи музей алдындағы алаңда «Сарбаз ботқасы» дайындалып, халыққа ұсынылды.

Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Жауынгерлердің тамағынан дәм татуға әскери қызметкерлер мен олардың отбасылары, әскери-патриоттық клуб өкілдері, оқушылар, Балалар үйінің, SOS балалар деревнясының тәрбиеленушілері, сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Алаңға дала ас үйі мен палаталы қалашық орнатылды. Қонақтар Ұлы Отан соғысы кезіндегі осы күнге дейін істен шықпаған техниканы тамашалады. Орталық ансамбль әртістері соғыс жылдарындағы әндерді орындап, рухты көтерді.

Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Сонымен қатар, қала тұрғындарына Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар ерлігінің белгісі «Жеңіс ленталары» таратылды.

— Біздің аталарымыз Отанын қорғап, Жеңісті барынша жақындатты. Барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтаймын, — деді ҚР қарулы күштері азық-түлік басқармасының бастығы Ерлан Тоқпаев.

Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Отан Қорғаушы күніне орай ұйымдастырылған концерттік шаралар қаланың көптеген алаңдарында өткізілді. Соның ең думандыларының бірі «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда өткен концерт. Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шаралар сағат 24:00 дейін жалғасты.

Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Отан Қорғаушы күні және Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар

Қазақстандықтар Отан Қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелеріне орай төрт күн демалады.Осы мереке күндеріңіз мазмұнды әрі қуанышты өтуі үшін назарларыңызға мерекелік шаралар тізімін ұсынамыз.

Астана жаңалықтары: Отан Қорғаушы күні және Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар

Сенбі күні таңертең «Салтанат Сарайының» жанынан мерекелік велошеру бастау алады. Сондай-ақ, 7 мамырда Әскери-тарихи музейде әскери техника көрмесі мен «Солдат ботқасы» шарасы ұйымдастырылады. Отан қорғаушы күніне орай қала әкімдігі мен «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңдарда күні бойы мерекелік концерттер көпшілік назарына ұсынылады.

8 мамырда қалалық орталық зиратта Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлер зиратына Даңқ гүлшоғын және гүлдер себетін қою рәсімі өтеді.

Жексенбі күні Астаналық паркте сағат 10.00 «Астана» фитнес паркі ашылады, мұнда кез келген қала тұрғыны танымал спорттық бағыттар бойынша өз күшін сынау мүмкіндігіне ие болады. Осы күні сағат 15:00 Бейбітшілік және келісім сарайында «Отан деп соққан жүрегім...» мерекелік концерті өтеді.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай қалалық алаңдарда мерекелік концерттер мен халықтық серуендердер ұйымдастырылады: «Студенттік» паркте, қала әкімдігінің және «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда. Сағат 11.00 «Отан қорғаушылар» монументіне Даңқ гүлшоғын қою рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, осы күні Тәуелсіздік даңғылының бойымен «Жаужүрек полк» шеруі жүріп өтеді, оған қатысушылар «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қояды.

Еске сала кетейік, 7 мамырда Астанада «Жеңіс ленталары» акциясы басталады, Жеңіс күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік ленталар таратылады. Мереке күндері өтетін шараларға 150 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонақтары келеді деп күтілуде.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай