Адам не үшін мақтанады?


Расында, адам не үшін мақтанады?
1. Сенің ішіңді күйдіру үшін, қызғанып, өзін бишара, елдің қоры сезінгенін көріп рахат алу үшін бе?
2. Әдейі мақтанып, сенің реакцияңды біліп, мақтанып жатқан кезінде сені өзіңді қалай ұстайтыныңды қызықтағысы келу үшін бе немесе мені көре алмайды екен деп көзіңді жеткізіп алу үшін бе?
3. Мақтанбаса тұра алмайтын және сол мақтануына орай естігісі келетін сөздерді естімесе ауырып қалатын ауру болғандығы үшін бе?
4. Өзінің артықшылығын сезіну үшін, жеткен жетістігін, мал-дүниесін өзгемен салыстырмалы түрде қарастырып, көңілін жайландыру үшін бе?
5. Реті келсе, мақтанып жатқан елмен бірге қоса мақтанып, өзінің де «ниче» екенін еске алу үшін бе әлде. Сосын ешкім ештеңе сұрамаса да өзін өзі мақтап, қандай қымбат киім алғанын, қандай атақты адамдармен кездескенін, қай елге барғанын, қандай заты барын айтатындарға құсқым келеді.
Мен де бір кісідей мақтанамын. Айтамын, ішім босап, жеңілдеп қалам. Тіпті, қуаныштан жүзімнің алаулап кететінін қайтерсің. Соған қарағанда, мақтану адамға жақсы энергия беретін позитиві мол бірнәрсе болса керек. Бірақ, мақтанған кезде мүмкіндігінше біреудің іштей жәбірленіп қалмауына, психологиялық тұрғыдан оның реніші мен наласын арқаламай айтуға тырысады екем. Сонда бұл да ауру ма?
Әрі қарай