Жұмыстық қатынас (Махаббат қызық мол жылдар 2)


«Махаббатсыз дүние бос».
Сезім мен сырға толы 2013-тің көктемі де өзінің міндетін мінсіз атқарып, жазға эстафетаның шоқ жалынын ұсынды. Ал біздің ыстық сезім, ынтызар көңіл, сағыныш пен сырға толы таңға ұласар түндеріміз ой жүзінде қалып, реалды өмірде іске аспағанын ойласам, өзегім өрттей жанады.
Сол бір кездер-ай дейсің. Өзіңді саябақта өсіп тұрған жұпар иісті гүлге теңер едім. Сол саябаққа ерекше ынтызарлықпен аяқ басып, хош иісті гүлдің арасындағы «отырғышқа» жайғасып, жан дүниеммен, ыстық деміммен иіскеп, бауырыма алсам да тоймас сезімді айтсаңшы. Алаулаған өрт сезімнің мәңгілік емес екенін білсемші. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ». Қадіріңді жете түсінбедім-ау.
Әрбір күнді бірге өткізгенмен не пайда? Көз алдымда күлімдеп тұрғанмен не пайда? «Жұмыстық қатынастан» не пайда? Сезім шоғына балқымаған соң…
Күлімдегеніңмен, жұмбақ жанарыңнан бір сырдың барын анық байқаймын. Қайтейін, менде қанша тырысамын. Сыртымды бүтін етіп көрсеткеніммен, сені көріп қалай «ауыратынымды» білсең.
Ер адам темірдей берік болуы тиісті. Бірақ, болат темірдің өзі іске аспаса, тот баспайды ма? Болатты да ерітетін неше есе артық «ыстық» емес па? Сол ыстықтың көз алдыңда ырық бермей жүргенін елестетіп көріңіз. Іргетасы мықты болды емес па, әйтпесе дес бермей келген, аптығы басылмаған, талай сұлулардан жүрексінбеген көңіл шіркін, бүгін тағы да «жұмыстық қатынастағы» аруды тақырып етіп алып, оған шырмалып, шыға алмай жатқаны.
Әріптес ағамның бірі (әрі білім берген ұстазым): «Оның ІQ (зияттылық коэффициенті) саған сәйкес келмейді» деп пікір білдірген еді. Бірақ, оған бір «жұмбақ дүние» дес берер емес. Ол шіркіннің дес беруі, өмірдегі ең қиын нәрсе.
Пысы: «Жұмыстық қатынас» сырттай да, жасанды да түрде жалғасын тауып жатыр. Жақын күндері еңбек демалысын алғалы отырмын. Еңбек демалысы үлкен өзгерістер кезеңіне ұласар деген үмітпен аяқтағым келіп отыр.
Пысының пысысы: «Жүректен шыққан сөз – жүрекке жетеді» Омар Хаям.
Әрі қарай