Свеча немесе бала көңіл...

Әкесі бұны емірене иіскеп көрмепті, иіскеген де болар, тек иіскеген кезі бұның есінде жоқ. Қашан көрсең де түнеріп жүргені. Көп сөйлемейді, шешесі әзірлеп берген тамақты ішеді, содан кейін газет-журнал оқыған болады. Көбіне көк «Москвичіне» мініп алып, күнұзаққа жоқ болып кетеді. Әкесінің машинасына мінудің өзі арман. Аңда-саңда ауданға қонаққа я болмаса басқа да бір шаруалармен барған шешесімен ерген кездерде ғана мінеді.
Бекеннің әйтеуір осы машинаға құмартып тұратын әдеті бар. Кейй күндері әкесі тамақ ішіп отырған кездерде есігі жабық машинаны сыртынан сипалап жүргені. Терезесінен үңіліп, ішін қызықтайды. Өзінің әкесінің алдында рөлде отырғанын, ара-тұра әкесіне мақтаныш сезіммен қарап қоятынын ойша ғана елестететін…
Әрі қарай