Астанада рождестволық концерт өтеді
«Weihnachtswunder» рождестволық концертін Астананың «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігі мен Ақмола облыстық «Возрождение» қоғамдық қоры Германия елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Бағдарлама барысында Астананың және Ақмола облысының неміс қоғамдық бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары және арнайы шақырылған қонақтар — «Романсиада» халықаралық байқауының жүлдегері, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, «Метрополитен-опера» байқауының аймақтық кезеңінің финалисі, «Астана Опера» солисі Евгений Чайников, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, концертмейстер Елена Цветцих өнер көрсетпек.
Концерт 22 желтоқсанда сағат 19:00-де Оқушылар сарайында (Момышұлы даңғылы, 5) өтеді.



қыздар/балдар, жақында 20 қазан күні, Б.Шолақ спорт сарайында, сағат 19.00-де корей шоу-бизінің концерті болмақ, дәл осындай концерт Астанада өтіп еді, жаз айында, енді міне бізге де жетті))) өте қуаныштымын, келем деушілерге есік ашық(кіру тегін).