Егер алғашқы автоңды қолдан алып жатсаң

Автоны қолдан алғанда неге көңіл бөлу қажет? Қолданыста болған автоны алуға турарлық па? Жаңасын алса қалай болады?

Автоның техникалық жағдайын жақсартуға жұмсалатын қаражат

Қолдан сатылсада жеңіл авто бағасы ылғида арзан болмайды.
Кейде авто қандай нарық сегментінде шығарылғанын анықтау қиын. Сыртының типтік өлшемі бойынша «С» категориясында техникалық жабдықталуы болса нашар. Сыртына қарап «С» категориясына жатқызады. Өйткені автоның классификаттануының негізінде сыртқы типтік өлшемдер жатыр.
Сырты «В» категориясының автосы болғанмен нарықтағы бағасы «С» категориясындағы автодай. Автоның сырты шағын болғанмен техникалық жабдықталуы жоғары, сол себепті нарықтағы бағасыда жоғары.

Қолданыста болған автолар нарығының басты критерийінің бірі -баға

Автоны пайдаланған сайын оның бөлшектері тоза түседі. Бұл жайтпен келіспейтін жан жоқ шығар. Үш жыл пайданылған автоның құны бастапқы бағасының 75% құрайды десек төрт, бес, алты, жеті жылдан соң құны нешеге тең болады? Меніңше жеті жыл пайдаланылған авто бағасы -бастапқы бағаның жартысынан аз болуы тиіс.

Блог - bake: Егер алғашқы автоңды қолдан алып жатсаң
Суретте Пежо автосы. Бізде кең тарамаған, белоруссияда жиі кездесетін автобренд.

Сатуға қойылған авто бағасы өзінің бастапқы бағасының 75%. арзан тұрса оны сатып алуға тұрарлық па?

Сұраққа бірден жауап беру қиын. Сондықтан мысалдармен жауап берейін.

а) Toyota Corolla автосының тежегішінің тозуын қарастырсақ.

Көбінде тежеу жүйесінің жұмыс беттерінің тозуы 1 мм көп болса оны ауыстыру қажет. Toyota Corolla-ның артқы тежегіші дискілі немесе барабанды болуы мүмкін. Номинальді өлшемі және тозуға дейінгі негізгі өлшемі қалыңдығы және диаметірін алайық. Номинальді, яғни бастапқы өлшемі 10 мм, екі жағынан 1 мм-ге желінсе қалыңдығы 8 мм жетіп тозығы жетті деп табылады.
Барабанды болса номинальді диаметрі 230 мм, тозығы жеткенде диаметірі 231 мм үлкейеді. Дискілі тежегіш дискінің тозуын анықтау ең оңай. Тозығын анықтау үшін дөңгелекті шешіп жіберіп қалыңдығын өлшейміз, диагностиканың ең қарапайым түрі.
Тежегіштің тозуы автоның пайдалануымен пара-пар. Үш жылда 45 мың емес 100 мыңнан артық километр жүру әбден мүмкін. Одометрге сенуге, сенбеуге болады. Сондықтан автоның сатушысына тауарын, яғни автосының тежегіш жүйесін стендтік сынақтан өткізуді талап етуі тиіс. Сынақ кезінде өзі қатысуы қажет. Стендтік сынақты кез-келген автокөлікті техникалық байқаудан өткізетін орталыққа атқарылады. Сынақтың бағасы қымбат емес.
Егер тежегіш барабанын, дискісін, тежегіш сұйықтығының шлангті жалғасын, тежеу табандарын ауыстырсақ және тұраққа қойтын тежегіштің реттеу жұмысының бағасын қоссақ төменгі бағадағы «В» сегментіндегі жаңа автоның 1/10, 2/10 дейін қаражатын тежегіш жүйесін қалпына келтіруге жұмсаймыз.

ә) Өкпенің денсаулығы. Жаздың ыстығындағы авто ішіндегі комфорт.

Өкпеге суық кондиционер қолдануынан тиеді деген пікір бар. Ондай пікірдің ақиқат шығар, бірақта кондиционер авто ішіндегі ауаны тек сырттан емес іштен алып рециркулярлық жағдайда жұмыс істеу мүмкіншілігі барын ескерсек және ауа өтетін құбырларда және салон фильтірінде шаң-тозаңнан басқа ылғал, конденсат жиналатынын мойындасақ су тамшыларындағы микроорганизимдер денсаулыққа қауіп төндіретіні кімді болсын мазаламалау мүмкін емес. Осы жайтқа білместіктен көңіл аудармайды. Қолдан алынған автоның салонына ауа жеткізетін құбырларды заласыздандыру қажет.
Залалсыздандыру сервистік орталықта немесе авто иесінің өз күшімен атқарылады.
Кондиционерлік жүйеде ақауда болуы мүмкін. Кондиционер көп уақыт бойы, яғни ай бойы іске қоспаса істен шығуы мүмкін.
Қыс айларында автоның кондиционерін іске қосу көптің ойына келмейді, қыста автоның ішін суыту қажет пе?
Бұл сұраққа кондиционердің конструкциялық ерешелігі жауап береді. Кейде қыс айында екі аптаның бірінде қысқа уақытқа жылы бокста кондиционерді іске қосып отыру қажет.
Жаздың ыстығында авто ішінде комфортты жағдай болуы үшін кондиционерлің жұмыс істегені жақсы-ақ. Сондықтан кондиционерді жөндеуден өткізіледі.
Жөндеуге кеткен қосымша шығынды қоссақ автоның бастапқы бағасының 1/10 бөлігі қалтаңыздан шықты деп есептеңіз.
Осындай шығындардан кейін автоны иеленуден күтілген қозғалыс қауіпсіздігін және комфортын аласыз.

Жалпы, автоның техникалық күйін жақсарту үшін 1-3 мыңға дейін шартты бірлік жұмсалынады.

Жаңа және ескі автокөлік бағасын салыстырып келесі қорытындыға келдім. Бастапқы бағасы 10-12 мың шартты бірлікке дейінгі 3 жыл тебілген автоны 75% бағасынан түсіріп сатып алу қымбат. «С» және одан жоғарғы класты автоны сатып алуға тұрарлық, ондай жаңа автоның бағасы 20 мыңнан жоғары.

Қолдан алынған автоның техникалық күйі тез арада нашарлауы мүмкін

Кейбір жағдайда авто ішіндегі сұйықтық өзіне жүктелген қызметті атқармауы мүмкін. Соның салдарынан автоның техникалық күйіде нашарлауы мүмкін.

Сонымен автоға қандай сұйықтық құйылды?

Сканер көмегімен іске асырылатын компьютерлік диагностика әмбебап құрылғы болғанмен автодағы сұйықтықты ажыратпайды.
Автода қандай сұйықтықтар қолданады? Оның сапасы қалайша нашарлау мүмкін, қандай жағдайда сұйықтық өз қызметін атқармайтынын еске алайық:

а) Тежегіш сұйықтығы ылғалданады, жай тілмен айтқанда су аралас болуы мүмкін. Оны тексеру қажет.

ә) Қозғалтқышты суытуға арналған сұйықтық. Авто иесі қысқы немесе жазғы деп ауыстыра бермейді. Кейбір жағдайда, мысалы, қозғалтқышты жөндеткенде жаз айы болса тазартылған суды құйып жүріп кетеді. Бес-алты литр суыту сұйықтығы арзан тұрсада оның бағасына үнемдеуі әбден мүмкін. Сондықтан сирек жағдайда қозғалтқыш ішіндегі сұйықтық дұрыс болмауы мүмкін.

б) Алдыңғы және артқы шыныларды сыртынан бүркіп шайып жууға арналған сұйықтықтарға да көңіл аударған жөн. Жаз айында көбісі (оның ішінде өзімде бар) терезені шайып-жуатын сұйық ретінде суды қолданамын. Қыстың, көктемнің басында суықта қатпайтын сұйықтықты қолданамын. Күзде қолдан автоны сатып алып жатсаңыз бірден терезелерді шайып-жууға арналған сұйықтықты ауыстырған жөн. Бірінші аязды күні сұйықтықты ауыстырған кеш болуы әбден мүмкін.

Автоәуесқой атаңған кезде автоңыздың техникалық күйі жақсы болсын!
Сатушығада және автоны сатып алушыға «саудаларыңыз сәтті болсын» деп тилеймін.

Ойдың соңы

Ұнаған автоның салонына отырғанда рульдегі «би-би» сигнал беру батырмасын басқанды ұмытпаңыз. Сирек болсада «дауыспен сигнал беретіні» (бип-бибі) істемейтін авто кездеседі. Оның себебі қарапайым электр жүргізгіштердің түйісу жеріндегі тотығуынан электр ағымының жүрмеуінен бастап рульде орналасқан эластикалық шлейф үзілсінен және батырманың, реленің істен шығуы секілді ақаулармен жалғасуы әбден мүмкін.
Автоның шанағын, транмиссиясын, отын беру жүйесін байқап көріңіз.

Қорытынды

Қолдан авто алып жатсаңыз ең бірінші техникалық күйіне сосын бағасына көңіл бөліңіз. Автоның жақсы техникалық күйі жолда қозғалу қауіпсіздігін арттырады және жөндеу жұмыстарын арзандатады.

P.S.: Жазба «жаңа авто» сататын салондардың ықпалысыз жазылды. Превьюға сурет алынды rio.ua/files/images/items/1028/1028193b60b121c5.jpg
Әрі қарай