Самопал... бірақ арақ емес

Ерте, ерте, ертеде, очм, араққа су араласпаған таза кезінде, біздің ауылда самопал деп төмендегі суретте көрсетілген құрылғыны атаушы еді. Мұны басқа жерлерде пугач деп атайтынын өткен аптада ғана білдім.


Иілген мыс түтіктің түкпіріне "№36" деген шайдың қорабынан шығатын жылтыр қағазды түйіршіктеп тықпалап тастайтын. Түтіктің ішін толтырып емес, әрине. Содан оның ішіне үш-төрт немесе төрт-бес сіріңкенің басындағы күкіртті салады. Сосын түтіктің ішіне бас жағы иілген шегені салады. Түтіктің иілген құйрығы мен шегенің иілген басының арасына белесебеттің камерасынан қиып алынған резеңкемен керіп тартып қояды. Ататын кезде, жаңағы шегені түтіктен суырыңқырап, бас жағын іліністіріп қояды. Резіңкені қысқан кезде, шеге барып түтіктің түкпіріндегі күкіртке соғылып, нәтижесінде қазіргі қытайдың пиротехникасынікі сияқты дыбыс, кейде түтін, қараңғыда тіпті ұшқын шығарады. Соған мәз болып жүруші едік.
(Мұны неге жазып отырмын, суретте бәрі бар екен ғой :)) — просто Әбіләкімнің рогатка туралы жазғанынан еске түсіп кетті да)
Бұл жарықтық өзі шығыны аз нәрсе еді. Материалдық шығыннан тек үйден ұрлап алынған сіріңке ғана. Қалғандары машдвордағы комбайнның мыс түтіктерінен, белесебеттің жарылып, жамауға келмейтін камерасынан, шегеден тұрады. Кей сәндегіштер сыртынан насостың шлангісінің кесіндісімен қаптап қоятын. Оның сыртын изолентамен орайды.
Әрі қарай