<< Дениз >> туралы не дейсіз



<< Дениз >> атты көп сериялы түрік филімі басқа емес, мұйізі қарағайдай ұлттық арнамыздың төрінен орын алып, жалпақ жұртымызға жария болғалы жылдан асты.Қызығы сол, <Дениз>десе кей көрермен ішкен асын жерге қойып құмарта түссе, кей көрермен көзге шыққан сүйелдей күн өткен сайын жек көре бастады.Өз басым, бұл филімді ұнатпаймын әрі құптамаймын.Неге дейсіз ғой? <<Түпсіз терең тұңғиық, түсесіңде кетесің>>демекші, Денизді көріп отырсаңыз, сол байяғы бітпейтін әңгіме, жетпейтін мақсат.жалықтырғаны сол сабағынан тамағы көп Мода кафешіл жастардың шырма шытыу сезімдерімен, мың құбылған мимырт тірлікткрі бейне Алдаркөсенің әләуләйі спетті.Жақында ғана орыс тілінен егемендік алып еңсемізді көтерген ұлттық арнамызда тарбиелік маңызы төмен <<Дениз>>ден гөрі, <<Қызжібек>>тей бояуы қанық ұлттық филімдер молая түссе нұр үстіне нұр болар еді!
Құрметті оқырман, сіздіңше кейбіреуге көзайым болған бұл филімнің бізге керегі қаншалық? Айтар ойыңызды бүгіп қалмаңыз!
Ермек Қанатбекұлы
Әрі қарай

Қабыл ал, Керек инфо!

Ел аузындағы www.kerekinfo.kz сайтына да кеп жеттік. Есімім Серік. Тегім Нүрпейіс. Бұл сайттың барына қуанып отырмын. Себебі қазақ жастарының кей-кейде көшеден шаршап, клубтан жалыққанда қап-қараңғы үйдің бұрышында отырып ап керекинфоны кезіп отырғанға не жетсін. Сонымен, қатты сынамайсыздар деп сенем. Себебі мамандығым журналист емес. Қатты жаза алам деп айта алмаймын. Көбіне кино туралы ойларыммен бөлісіп тұрам деп ойлап отырмын. Сонымен қабыл алңыздар!
Әрі қарай