Кино көріп үйренуге үш қадам. Киберпанк жанры, «Матрица» кинобаянның үштігі жайлы

Бірінші қадам. Көбінде киножанр әдеби жанрмен анықталады. Кейде киносын көрмей жатып әдеби нұсқасын оқуға кеңес беріледі. Кеңеске жүгініп, киберпанк жанрындағы жазылған әңгімені оқи бастадым. Рецензиясында ең танымалы делінген. Танымалы болса да, маған жақпады ма, аяғына дейін оқып тауыспадым. Қайдағы бір қараңғы, бүлікке толы заман сипатталады. Бас кейіпкер заңға қарама-қайшы немесе заң бұзылатындай шекте қимылдайды. Сонда жанрдың қызығы неде? Аяғына дейін қызығын күтіп оқи түсуім қажет пе еді?
Танымал дегені көпшілік оқырман мазмұнын ұнатқанында болар. Неге жанрды қабылдамадым? Сондықтан жанрды түсінуге екінші рет бел байладым.

Екінші қадам. Осы жанрға қатысы бар-ау деген киноны қарап көрдім. Әдеби және кино нұсқасында жанр өзін қалай ашатынын салыстырмақшымын. Кинода баяндалатын оқиға болашақта орын алады. Технология, соның ішінде ақпараттық технология, кибернетика — дамыған қоғам. Сонымен қатар әлеуметтік құлдырауды және «әлеуметтік құрылымның» айтарлықтай өзгерген құрылымы сипатталады. Технологиялық дамудың шарықтауы және қоғамның құлдырауы бір-біріне қарама-қайшы жағдай, керісінше, технологиялық даму жоғарылаған сайын қоғамның әлеуметтік жағдайы дұрысталуы керек емес пе? Жанрды байқап, түсінгенім осы.
Үшінші рет жанрды түсінуге әрекет жасауымды Википедиядан бастадым.
Үшінші қадам. Киберпанк сөзін жанрдың атауы ретінде Гарднер Дозу алғашқы рет қолданыпты-мыс (1980-ші жылдары). Уильям Гибсонның шығармасына рецензия жазғанда, «High tech. Low life» «жоғарғы технологиялар, төменгі деңгейлі тұрмыс» деп жанрдың критерийін анықтапты.
Содан ой түйдім. Киберпанк жанры ғылымның, техниканың мүмкіншіліктерін көрсетеді. Сондықтан фантастика жанрының бір құрама бөлігіне айналды. Яғни, Дозудың критерийіне сай келген фантастиканың бір түрі. Ұмытып барамын. Түсініксіз болған әдебиет, кино жанры Киберпанк маған өз сырын ашты. Қуанғандықтан, «мен көрген кино» дей бере:
-Ең танымалы, культті кино, яғни, өз қалаушылары және табынушылары бар «The Matrix» (Матрица). Киноны түсірген режиссерлер Лана және Эндрю Вачовски («Вачовски ағайындылары» атымен белгілі жұп).
Кино келесі сюжеттен басталады. Бас кейіпкеріміз — жас жігіт Томас Андерсон екі түрлі өмір кешеді. Күндіз үлкен кәсіпорынның программалаушысы, түнде Нео атты хакер. Бір уақытта дербес компьютеріне түсініксіз, орынсыз, күтпеген жерден:

-The Matrix has you (сен матрицаға тиесілісің), — деген жазуды оқиды. Осы сәттен шым-шытырық оқиға басталып, жалғасын табады.
Кейіпкеріміз жиырмасыншы ғасырдағы адамзаттың дамуының ең шарықтауына жеткен мезеттегі дамыған қалада өмір кешеді. Бірақ, бұл әлем — кейіпкеріміздің нағыз әлемі емес, компьютер жадысындағы, яғни, матрицадағы әлем. Кейіпкеріміз ұйқылы-ояу жағдайда.
Жасанды интеллект, Архитектор атты программа осы виртуальді әлемді матрицада жасап шығарады. Сонда нақты өмір қайда? Виртуальді емес, нақты жер бетіндегі адамзаттың өмірі ше?
Аспанды қараңғы бұлт басқан. Жердің бетіне күн сәулесі нашар өтетін болашақ заман. Машиналар және адамдар соғысында күн батареясы арқылы қуаттанатын машиналардың жұмысын тоқтату үшін адамдар ашық аспанды қолдарымен қара бұлтпен торлайды. Бірақ, бұл амалдары машиналарды тоқтатпады. Адамзаттың кішігірім бір бөлігі жер бетін басқан машиналардан қашып, жердің қойнауына жасырынады. Енді жер беті адамзаттың бесігі емес. Жер бетін машиналар билеген заман. Өзге адамдар бар ма? Бар. Олар инкубаторда ұйқылы-ояу кейіпте өсіріледі. Күн көзінің қуатынан айрылған машиналар адам денесінен қуат алуды меңгеріп, инкубатор жасайды. Инкубатордағы адамдардың миы жүктемеге -«компьютерге» қосылған. Жүктемеге қосылған ми денеге көп қуат бөледі және инкубатордағы дененің дамуына ықпал жасайды.

Бас кейіпкеріміз -инкубаторда өсіп жатқан адамның бірі. Инкубатордағы әр адамның миы матрицаға қосылған. Олардың әрқайсысы матрицада өзін жеке тұлға деп қабылдап, кәдімгі өмірдегідей бір-бірімен қатынасады. Үйленеді, үй-ішін бала-шағаға толтырады және қартайып өледі.
Инкубаторда өсіп жатқан әр адамның миы матрицамен тығыз байланысқаны соншалықты, мысалы, матрицаға қатысты біреу-міреудің өмірі тоқтаса, онда оның инкубатордағы денесі жансызданады.
Нақты әлемде машиналарға қарсы адамдар партизан шайқасын жүргізуде. Сырттан жасырын келіп, матрицаға (компьютер жадысына) қосылу мүмкіншілігі адамдардың жеңісіне үміт береді. Адамзаттың азаттыққа деген күресі матрица ішінде виртуальді әлемде басталады.

Кинода бір-бірімен оңай түйіспейтін күрделі сәттер бір-бірімен сәтті тұтасқан.
«Матрица» (1999) киноэкрандарға шығып «Матрица қайта жүктеу» (2003, мамыр), «Матрица революция» (2003, қараша) деген атаулармен жалғасып, кинобаянның үштігін құрады.
Өкінішке орай, фантастиканы жанр ретінде қабылдамаймын дегендер де табылды. Жұмсағын да, қаттысын да. Киберпанк жанр ретінде қабылдамаймын деп асығыс шешім қабылдағандардың арасында өзім де болдым. Киберпанк сөзі екі сөзден тұрады, осы сөздерді дәлме-дәл аударсаңыз, кибер-қоқыс деген сөз шығады. Жанрдан жиіркену үшін осы да жеткілікті шығар. Киноны үстіртін, алғаш көргенімде, атыс-шабыстарды жаңаша көрсетіп, арзан көрермен жинайтын кино деп қабылдағанмын. Қателесіппін. Әрине. Матрица киносында атыс-шабыс баршылық, атыс-шабыс тек негізгі сюжеттің әрлеуі, негізгі мазмұны «технократиялық коллапс және адам».
Әрі қарай

Киноға барайық: Возвращение в "А"


Бүгін Қазақстанның алғаш 3D фильмі — «Возвращение в „А“ фильмінің премьерасы. Алматылық керекшілерді кино көріп қайтуға шақырамын.

Silk Way City-ге барсақ, бәріне ыңғайлы болатын сияқты — орталық та емес, қаланың сырты да емес. Әрі уақыты ыңғайлы, бәрі жұмыстан шығып үлгереді.

Сонымен, Silk Way City. Төле би-Наурызбай батыр. Киноның басталуы бүгін кешкі 20:25. Кім келеді?
Әрі қарай