Жаңа кәсіп

Жалпы балықшылық машықтанған кәсібім емес. Жаңа пәтерге қоныс аударғаннан кейін жаңа көршілер деген сияқты коллектив пайда болады емес пе? Ауылдық жер, Ақжайықтың кәрі Каспиге құяр сағасын мекен еткен Атыраулықтарда не кәсіп болушы еді. Күзді күндері тек ермек үшін бірге барып жағада отырып қайтушы едім. Шабыстан қол да тие бермейді. Осылай күндер өтіп жатты. Қыс болып қаһарына мінген кезде тіпті уақықа зәру болдық. Жұмыс, қар күреу, от жағу деген сияқты. Саналы өмірі корпыс үйде өткен адамға, жер үй қиын екен.
Бір күні көрші келіп көмек сұрады. Сол күні жұмыстан ерте босап, үйде едім. Машиналары тұрып қалған екен. Жағаға апарып келуді өтінді. Сөйтіп алғаш рет қыста жағаға бардым. Екі күн қастарында жүрдім, екі үлкен сазан берді. Содан қызығып тағы бір апта өзім шықтым қастарына. Олар балық шығарғанға мәз болып. Сөйтіп жүргенде жігіттер -құрал алып, неге өзің де салмайсың -деді. Мен байғұс құралды қайдан сатып алатынын да білмейді екенмін. Келесі күні құрал алдым бас аяғы 3000 теңге ақшам кетті. Жігіттер бірге қарасып жүр. Сөйтіп балықшы болдық. ))
Әрі қарай