Енді Қазақстандық мамандар малды инемен емдейтін болды
Инетерапия әдісі, әсіресе, асыл тұқымды жылқыны баптап, бәйгеге қосатын шаруашылықтар үшін таптырмайтын құрал көрінеді. Қытайда іс-сапарда жүрген С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университетінің студенттері осындай іргелі жобаларды жасайтын зертxанада болды. Мамандардың айтуынша, қазір, АҚШ, Германия, Ұлыбританияның шаруа қожалықтары жануарларды инемен емдеуге ерекше қызығушылық танытып отыр. Ал, бұл жобаға университет ғалымдары Қытайдың Батыс- Солтүстік ауыл және орман шаруашылығы университеті басшылығымен жасалған меморандум арқылы қол жеткізбек. Құжатта Ұлы Жібек жолын дамыту бағдарларламасы бойынша, малды инемен емдеуге Қытай тарапының ақысыз түрде көмек беруге келісетіні жазылған. Бұл жөнінде, ҚазАТУ жанынан құрылған Қазақ-Қытай орталығының директоры Думан Иманмәдіұлы былай дейді: «кеше ғана келісімге отырған ҚазАТУ дың Батыс- Солтүстік ауыл және орман шаруашылығы университеті мен жан-жақты ынтымақтастық меморандумы аясында енді жануарларды инемен ақысыз емдеуге келісімін берді.»
Инемен малдарды емдеу ҚХР ежелден келе жатқан әдіс. Мамандардың айтуынша, оның мал ағзасына кері әсері жоқ. Инемен мысық, ит секілді үй жануарларын да емдеуге болады екен. Бұл, қалалықтардың бас қатыру мәселесі жақында шешіліп қалады деген сөз…
Дерек көз: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университетінің баспасөз орталығы