Менттер: Қолымыздан боқ та келмейді

Мына бір видеоға қарап отырып бір жағдай есіме түсіп кетті. Жақында ғана болған жағдай.

Бір еркек ішіп келіп әйелі мен балаларына ұрсып, оларға қол көтереді. Өзі удай мас. Әйелін өлтіріп қоюына шақ қалады. Маскүнемнің зомбылығына шыдамаған әйелі менттерді шақырып, көмектесулерін өтінбей ме әлгі жерде. Сөйте әлгі менттер: "Өкінішке орай, біз ешқандай көмек көрсете алмаймыз. Ол мас адам ғой. Сауыққанша қамап қоямыз. Кейін қайта босатып жібереміз" депті. Әлсіз әйелдің сенген менттері солай ешкілік танытып кетіпті.

Әйелдер мен жас балалардың құқықтарын қорғай тек заңның емес, әрбір адамның ар-ожданының ісі болса керек. Көршісінің мас болып келіп әйелін сабап жатқанын көрсе де көрмеген адамдай бола қалатын көршілер қалайша әйел мен жас балаларға көмектесуден бас тартады?!

Көп адам «ерлі-зайыптылардың арасына ессіз адам ғана түседі» деген қисық мақалды ұран қылып алады. Ал егер әйелі жазым болса, әлгі мақалыңмен көршінің данышпандығы артып қала ма, қышуы қана ма?!
Әрі қарай

Әйелдің орнында болып көру

Өміріңізде бір рет болсын әйел болу қандай екенін ойлап көрдіңіз бе? Олай болса бүгін ойлап көріңіз:



Әйелдердің 3-тен 1-і зорлық-зомбылық көреді екен.

Кім кінәлі?

Біз тек қарсыңызға бір айна қойдық...


дейді мына роликті жасаушылар.
Әрі қарай