«Кәсіп түбі — нәсіп». Бұл қанатты сөзді өмірлік қағидасы санайтын адамдардың бірі – Айша Рахимбекова апамыз. Ол бүгінде талай жылдық еңбегінің зейнетін көріп отырған аяулы ана, отбасы ұйытқысы. Сонымен қатар бір зейнетақымен шектеліп қана қоймай, шағын кәсіппен айналысуда. Айша ханым осыдан бір жарым жыл бұрын шағын кәсібінің негізін қалаған болатын. Бұл кәсіпті бастауға үлкен қаражаттың да, оффистің де, уақыттың да керегі болған жоқ. Себебі, Айша ханым ас үйінде отырып-ақ қала тұрғындарынан тапсырыс алып, зейнеткер болса да құр отырмай, қолынан келетін өнері – аспаздық, яғни дәмді тағамдар, торт, бәліш және т.б әзірлеуді кәсібіне айналдырған.
Қарағандыға кенеттен жолым түсіп, құрбымның үйінде қонақта болдым. Қазақтың салтымен жайылған мол дастарханнан дәмі тіл үйіретін торттан ауыз тидім. Құрбым бұл тортты арнайы тапсырыс беріп алдыртыпты. Сол кезде ойыма «шағын кәсіп» орала кетті. «Неге үйде отырып, өз нәсібін қолынан келетін өнерімен көріп отырған адамдар туралы жазбасқа?» деп ойладым. Құрбымнан тапсырыс алушы адамның номерін алып, сұхбат беруге келісімін сұрап, С.Мұқанов көшесі 32 мекенжайына жол тарттық.
Есікті күлімдеп 50-ден асқан апа ашты. Құшақ жая қарсы алған Айша апамызбен таныстық осы жерден басталып кетті. Әңгіме барысында зейнетке қай уақытта шыққанын, бұрын қандай кәсіппен айналысқанын, қазіргі уақытта неліктен кондитерлік өнімдер әзірлеумен айналысатынын сұрадым. 25 жылдық өтілі бар балалар дәрігері, ал қазіргі уақытта шағын кәсібін жалғастырып жатқан Айша ханымға біз бара салысымен тапсырыс келіп түсті.
Үй телефонына хабарласқан адам тортқа тапсырыс берді. Дәл осы сәтті пайдаланып, мен де әңгіме иесінің жұмысына қызығып, бақыладым.
Алдымен керек заттарды дайындап алды.Сосын оларды араластырып, ыдысқа құйды. 2 түрлі қамыр дайындап алды. Олар піскен соң, кремін жасауға кірісті. Соңында біріктіріп, арасына крем жағып, шоколад және арнайы ұнтақпен безендірді. Мінекей, соңында төмендегідей тамаша торт шыға келді. Айша ханымға 1 тортты әзірлеу үшін 1 ғана сағаттық уақыт жеткілікті болды.
2 түрлі қамыр дайындап алды. Олар піскен соң, кремін жасауға кірісті. Соңында біріктіріп, арасына крем жағып, шоколад және арнайы ұнтақпен безендірді. Мінекей, соңында төмендегідей тамаша торт шыға келді. Айша ханымға 1 тортты әзірлеу үшін 1 ғана сағаттық уақыт жеткілікті болды. Ең соңында тортты қорабына салып, тапсырыс иесіне ұсынды.
Торттың бағасы 2000 теңге. Ал кеткен шығын мың - мың екі жүз теңге шамасында болды
Айша Рахимбекова: Мен зейнеткерлікке шықсам да, бос отырмас үшін шағын кәсібімді аштым. Демалыс күндері тапсырыс көптеп түседі, ал жұмыс күндері кемінде 2-3 тапсырыстан болады. Маған керек азық-түліктерді жұбайым әкеліп береді.Қазір ғаламтор деген бар ғой, сол жерде де адамдар тапсырыс беріп жатады.
Айша апа бізге өзі әзірлеген тәтті-дәмділерімен шәй берді. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын бүгінгі кейіпкеріміз көпке үлгі болары сөзсіз. Уақыт тығыз болғандықтан, кәсіптің нәсібін көріп отырған апамызға зор денсаулық тілей отырып, қоштастық.
Ия, біздің арамызда жұмысқа қабілетсіз адамдардан гөрі қабілетті адамдар мыңдап артығырақ. Ал Айша апамыз жасы ұлғайса да әлі тың. Себебі адам кез келген уақытта жұмыс жасай алуы тиіс дейді. Сөз соңында айта кетейік, қазіргі кезде қолдан жасалған бұйымдарға, өнімдерге, тағамдарға сұраныс артуда. Сіз де, мүмкін, сіз де өз үйіңізде шағын бизнес ашуды ойлап жүрген шығарсыз? Ендеше артқа қарамай, тек алға ұмтылып, кішкенеден үлкенге жетуге тырысыңыз! Кәсіпкер атану үшін сіздің кез келген жұмысқа деген ынтаңыз жетіп артылады. Ынта-шынтаңызбен істеген әрбір ісіңіз жемісін бермей қоймайды.
Қоғамдық көлікке мінбейтін қазақ кемде-кем. Әдетте автобустың алдыңғы жағы қатын-қалаш, кемпір -шалдардікі, артқы жағы жастардікі. Таңғы уақытта студенттер оқуға, басқалар жұмысқа бара жатады.Кемпір-шалдарға не жоқ! Бұлар қайда бара жатады екен? Бұларда жұмысқа бара жатады. кей жас орын береді, кейбірі бере қоймайды. Өз кезегінде бұлар жастарға орын беріп жатыр ма? Қаншама жастар дипломын сарғайтып жұмыссыз жүр. Бұрыннан отырып алған бөлімдерінен не кетпейді не жұмысты жарытып істемейді. Компьютерден еш хабарлары жоқ. Бірак алдарында тур. Жастарды сөгуге құмар көбінің.Мемлекеттің бюджетін үнемдеудің жолын қарастырып жүргендер қайда қарайды екен. Зейнет жасына келіп қызметін сақтап қалған зейнеткерлер зейнетақысын, сыйақысын, жалақысын алып жатыр. Осының бәрі ақшаны бос шашу секілді болып көрінеді. Жұмыс істегісі келе ме, кетсін жеке фирмаларға басқа жерлерге.Бюджеттік салада жүріп не керек. Түсінем, тәжірибесі бар, ақыл айта алатын, жол көрсететін бір-екеуін қалдыруға болады.Бірақ топырлатып қалдыра берудің пайдасы бар ма елімізге.