700-ден астам астаналық қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтылды

25 мамандық бойынша курстар кәсіби мамандығы жоқ адамдар, жұмыссыздар мен халықтың осал топтары үшін арнайы ұйымдастырылған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қалалық жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіби білім беру курстарын тәмадаған 313 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

«Жыл басынан 732 адам 25 мамандық бойынша білім алды. Олардың ішінде автокөліктерді жөндеуші, «D» деңгейлі жүргізуші, лифт жөндеуші және киберқауіпсіздік саласы маманы мамандықтары халық арасында жоғары сұранысқа ие. Оқу мерзімі 1-6 айды құрайды. Курсты аяқтаған 445 студенттің 313-і тұрақты жұмыспен қамтылды», – делінген хабарламада.

Барлық сұрақтар бойынша Бейбітшілік к-сі, 25 мекен-жайы бойынша орналасқан Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

Түлектерге жұмыс табылады

Астанада техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету, медицина, құрылыс және т.б. салаларда қызмет ететін 50 астам компания бос жұмыс орындарын ұсынды. Оқу орындарының түлектері әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, елордадағы ең қажетті мамандықтармен танысты.

Сонымен қатар, студенттер мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алды.

Астана жаңалықтары: Түлектерге жұмыс табылады

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс тәжірибесі жоқ орта арнайы, жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған жастар практикасы бағыты іске қосылған. Оларға бастапқы тәжірибе жинау үшін алты айға уақытша жұмыс беріледі, еңбекақы мемлекет тарапынан төленеді. Диплом алған түлек Жұмыспен қамту орталығынан жұмыс берушімен әңгімелесуге жолдама алады, егер оң жауап алатын болса, құжаттар тізімін жинап, бағдарламаға қатысады, — деді Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімі басшысының орынбасары Азамат Байтасов.

Бағдарлама аясында кәсіби оқыту да іске асырылады. Мамандықты игеріп, жұмыс таба алмағандар немесе сұранысы жоқ кәсіпті меңгергендер даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша тегін курстарға жіберіледі.

Елордада бос орындар жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіледі, бос жұмыс орындарын іздеу мәселелері бойынша Бейбітшілік к-сі, 25 мекен жайында орналасқан Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Бос орындар жәрмеңкесінің нәтижелері

Бүгін Астанада «Astana Mall» сауда, ойын-сауық орталығында өткен Бос орындар жәрмеңкесіне 40 жуық жұмыс беруші қатысты. Шара барысында қызмет көрсету, білім, денсаулық сақтау, құрылыс салаларынан 260 жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеп келген 1386 адам тіркелді.

Астана жаңалықтары: Бос орындар жәрмеңкесінің нәтижелері

Бұл Жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері өткізіп отырған төртінші жәрмеңке. Аталған шаралардың қорытындысы бойынша 75 адам жұмысқа орналастырылды.

Бос орындар жәрмеңкесі жұмыс іздеушілерге әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, қайта оқыту мен жаңа мамандықты меңгеру мүмкіндігі туралы ақпарат береді.

Астана жаңалықтары: Бос орындар жәрмеңкесінің нәтижелері

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына 4810 қала тұрғыны жүгінген, 2195-і жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 63-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 220-сі жастар практикасына жіберілді, 919 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, 307 адам қайта оқытылып жатыр.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада бес мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, елордада биылғы жыл ішінде 4 849 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 349-ы – өнеркәсіп, 1 103-і – сауда, авто және мотоциклдерді жөндеу, 238-і – көлік және қойма, 771-і – білім және денсаулық сақтау, 660-ы – құрылыс саласында, ал қалған 1 728-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 1478 адамды жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, жастар тәжірибесінен өтуге 218 түлек жіберілсе, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
Астана жаңалықтары: Астанада бес мыңға жуық жұмыс орны ашылды
Әрі қарай