Телевизиялық журналистік зерттеу бойынша тренинг өтеді

Алматыда журналистер мен ЖОО студенттеріне арналған семинар-тренинг өтеді.
Шараға тренер ретінде танымал тележүргізуші, ЮНЕСКО тренері Марина Максимова қатысады.
Тренингке қатысушылар журналистік зерттеудің телевизиялық ерекшеліктерімен, ақпарат жинаудың, әдістерімен һәм құралдарымен, осы тақырыптағы отандық телеұйымдардың өнімдерімен танысады.