Бір жақты қозғалыс енгізілген көшелер

28 мамырда Әуезов және Желтоқсан көшелерінде біржақты көлік қозғалысы енгізілген болатын. Бірінші жол учаскесінің ұзындығы — 2,9 км және Республика даңғылынан Ә. Молдағұлова көшесіне дейінгі қашықтықты қамтиды. Екінші учаскенің ұзындығы – 2 км және Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі қашықтықты қамтиды.

Ж.ргіншілерге түсіндіру және апатты жағдайларды болдырмау үшін әкімшілік полиция басқармасының және жергілікті полиция қызметінің өкілдері бір апта бойы көлік иелерімен біржақты қозғалыс ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Енді 6 маусымнан бастап жол полициясы біржақты қозғалыс енгізілген көшелерде жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады. Айыппұл мөлшері 5 АЕК құрайды.

Астана жаңалықтары: Бір жақты қозғалыс енгізілген көшелер

11 маусымда Абай даңғылында (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары көшесінде (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін) және Янушкевич көшесінде (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін) біржақты көлік қозғалысы енгізілмек.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астана көшелерінде қоғамдық көліктерге арналған жолақтар енгізіледі

Астана көшелерінде қоғамдық көліктерге арнайы жолақтар енгізілетіні жөнінде бүгін Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Еділ Сүлейменов мəлім етті.

"Қоғамдық көліктерге арнайы жолақ белгілеу жобасы өткен жылы қолға алынған болатын. Бұл жоба өз тиімділігін көрсетіп отыр. Жүргізілген сараптама жылжымалы қоғамдық көлік құрамының жылдамдығы 12-15 пайызға артқанын көрсетті", — деді Е. Сүлейменов.

Астана жаңалықтары: Астана көшелерінде қоғамдық көліктерге арналған жолақтар енгізіледі

Оның айтуынша, осыған орай бұл жобаны одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданған. Ол үш кезеңмен жүзеге асырылады.

«Бірінші кезең 5 маусымда қолға алынып, Алаш тас жолы бойында „Магнум“ сауда орталығынан Уəлиханов көшесіне дейін, Қорғалжың тас жолы бойында Бейсековадан Тұран даңғылына дейін арнайы жолақтар енгізіледі. Екінші кезең 15 маусымынан бастап қолға алынып, бұл жобалар Абай мен Кенесары көшелерінде бір бағыттағы көлік қозғалысы жобасымен бірге жүргізіледі», — деді ол.

Ал үшінші кезеңде Жеңіс даңғылы бойында Есенберлиннен Кенесары көшесіне дейін, Бараев бойында Қорғалжын тас жолынан Уəлиханов көшесіне дейін қоғамдық көліктерге арнайы жолақтар болады.

Сонымен қатар, Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Еділ Сүлейменов Астананың 2 көшесінде бір бағыттағы көлік қозғалысы енгізілетіні жөнінде хабарлады.

Оның айтуынша, бұл жұмыс екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең 28 мамырдан бастап жүзеге асырылып, Əуезов көшесі бойында Республика даңғылынан Молдағұлова көшесіне дейін, Желтоқсан көшесінде Мəскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейін бір бағыттағы көлік қозғалысы енгізіледі. «Екінші кезең 2016 жылдың 10 маусымынан басталады. Бір бағыттағы көлік қозғалысы үш көшеге енгізіледі. Олар Абай, Кенесары жəне Янушкевич көшелері. Абайда Сарыарқадан Пушкинге дейін, Кенесарыда Пушкиннен Сарыарқаға дейін, Янушкевичте Абайдан Иманов көшесіне дейін»,- деді Е. Сүлейменов.
Әрі қарай