«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Астанада «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Шараның мақсаты елордамызда жол апатын азайту, жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің мәдениетін арттыру, жол қозғалысын бақылау және қадағалау болды.

Осы шараға әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінен 500 астам қызметкер тартылды, соның ішінде көліктік бақылау, Астана қаласының Кірістер департаментінің де өкілдері бар.

Арнайы жасақталған топ қала аумағында автобустардың техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының толық болуын, сондай-ақ, жүргізушілерді медициналық тексеру бойынша рейдтер өткізді. Полицейлер «Рубеж» шекара бекеттерінде заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша тексеру шараларын жүргізді.

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында тәртіп сақшылары жолаушылар автобусы жүргізушілерімен Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 650 астам фактісін тіркеген, соның ішінде 84 — автобусты басқару кезінде телефонды пайдалану, 58 – маневрлеу ережелерін бұзу, 6 – техникалық байқаудан өтпеген автобусты басқару фактісі болған.

Сонымен қатар, 6 — жылдамдық режимін бұзу, 15 — жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін сақтамау және 7 -заңсыз қайта жабдықтау жағдайы анықталған.

Астана жаңалықтары: «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды
Бұдан басқа, желіге шықпас бұрын автобустардың техникалық жағдайын тексеру кезінде техникалық ақауы бар 39 автобусты пайдалануға тыйым салынды, автобус парктерінің 11 лауазымды тұлғасына қатысты әкімшілік іс өндіріске алынды.

Полицейлердің айтуынша, осы сияқты рейдтер жолаушылар көлігінің қатысуымен орын алатын жол-көлік апаттарының санын азайтуға септігін тигізеді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай

Астанада "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Сәуірдің 4-6 күндері аралығында Астанада «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Бұл шараның мақсаты — жол апатын азайту, жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің мәдениетін арттыру, жол қозғалысын бақылау және қадағалау.

Үш күн бойы полицейлер Көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп желіге шықпас бұрын қалалық автобустардың техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының болуын тексеріп, автобустарды нормативтер мен стандарттардың талаптарын бұзып басқару және пайдалану фактілерін, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтауды анықтау бойынша шаралар, сондай-ақ, жүргізушілер мен автобустарды жолға шықпай тұрып медициналық және техникалық тексеру шараларын, жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін сақтауын тексеру шараларын жүргізеді.

Астана жаңалықтары: Астанада Автобус жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Сонымен қатар, жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған басқа да бірқатар шараларды жүзеге асыру жоспарланған.
Әрі қарай

«Назар аударыңыз, жүргінші» акциясы басталды

Астанада «Назар аударыңыз, жүргінші!» атты аймақтық акция басталды. Жол қауіпсіздігі ережесін насихаттауға арналған акция 4 сәуірге дейін жалғасады.
Астана жаңалықтары: «Назар аударыңыз, жүргінші» акциясы басталды
Бүгін Астана қаласының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жас инспекторлармен ең жас жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар заттар таратты. Акция аясында жас инспекторлар жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар белдеулер, байламдардағы белгішелер, білезіктер таратты.
Арнайы зерттеулер нәтижесінде анықталғандай шағылыстырғыш элементтері бар жаяу жүргіншілерді жүргізушілер жақыннан 50 метр қашықтықта, алыстан 150 м қашықтықта көре алады.
Полицейлердің айтуынша, аталған акциялар балалар зардап шегетін апаттар санын азайтуға ықпал еткен.
– Өткен жылмен салыстырғанда биыл статистика бойынша «Назар аударыңыз, жүргінші», «Жаяу жүргінші, өткелмен жүр!» акцияларын өткізудің арқасында балалар зардап шегетін жол-көлік апаттар саны 18% төмендеген, – деді Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Айымгүл Валеева.
Астаналық полицейлер бүлдіршіндерге кішкентай бала кезден жол қауіпсіздігі ережесін үйретуге шақырады, ал жүргізушілерге жолдарда сақ болуға кеңес береді. Осыдан 148 жыл бұрын пайда болған бағдаршам принциптері әлі өзгермеген, жолда абай болыңыздар!
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай