Бір жақты қозғалыс енгізілген көшелер

28 мамырда Әуезов және Желтоқсан көшелерінде біржақты көлік қозғалысы енгізілген болатын. Бірінші жол учаскесінің ұзындығы — 2,9 км және Республика даңғылынан Ә. Молдағұлова көшесіне дейінгі қашықтықты қамтиды. Екінші учаскенің ұзындығы – 2 км және Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі қашықтықты қамтиды.

Ж.ргіншілерге түсіндіру және апатты жағдайларды болдырмау үшін әкімшілік полиция басқармасының және жергілікті полиция қызметінің өкілдері бір апта бойы көлік иелерімен біржақты қозғалыс ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Енді 6 маусымнан бастап жол полициясы біржақты қозғалыс енгізілген көшелерде жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады. Айыппұл мөлшері 5 АЕК құрайды.

Астана жаңалықтары: Бір жақты қозғалыс енгізілген көшелер

11 маусымда Абай даңғылында (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары көшесінде (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін) және Янушкевич көшесінде (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін) біржақты көлік қозғалысы енгізілмек.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтті

Бүгін Астанада «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Шара барысында жүргізушілер полиция қызметкерлеріне сұрақтар қойып, өтініштері мен ұсыныстарын жолдай алады. Таңертеңгі сағат 10.00 басталған акция кешкі сағат 18.00 дейін жалғасты.

Астана жаңалықтары: «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтті

Күні бойы кешкі адамдар Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне өз сұрақтарын тікелей жолдай алады. Мобильді топтар «Жолдағы қабылдау» деген жазуы бар шағын автобустарда қабылдауда. Акция «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы тұрақта басталды, содан кейін колонна «Рубеж» жүйесінің бекеттеріне барады, бұдан басқа, азаматтарды қабылдау №1 автобус паркінде, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында, «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» аудандарында аумақтық АІІБ және полицияның учаскелік пунктерінде жүзеге асырылуда.

– Акцияның мақсаты жол қауіпсіздігі саласында жол-патрульдік полиция жұмысының мәселелері бойынша азаматтарға консультативтік және құқықтық көмек көрсету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру болып табылады. Халықтың қандай арыздары, проблемалары бар екенін білу мақсатында акция бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Негізінен, адамдар аулаларда тұрақ орындарының жетіспушілігіне, көше-жол желісіне, жаяу жүргіншілер өткелдерін және бағдаршамдар қоюға шағымданады, – деді Астана қаласының ІІД ЖПҚ жол-патрульдік қызмет бөлімінің басшысы, полиция майоры Рустем Өмірбеков.

Сондай-ақ, жүргізушілерді қабылдайтын орындарда анонимді сауалнама жүргізіліп жатыр. Сұралғандардың пікірі жұмыстағы кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік беріп, халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Әрі қарай