Жеті әріп
Жүрекке силап тебін дүр,
Сыр толы көзбен сыр айыттың.
Арқалап өмір легін кіл,
Жүргенде мені мұңайыттың.
Көзінде іркіп тұрды іңір,
Төгілер сынды моншақ мұң.
Сағындым дедің мұңлы бір,
Шуағын аңсап сол шақтың.
Тамылжып сонда таң бөлек,
Бөлейді жанды нұрға бек.
Құмарым қайтем қанды ерек,
(кеудемді мәңгі тырнап өт)!
Албырттық күйден аса алмай,
Асықтық, білем, бұл баққа.
Кеудеге сені баса алмай,
Сол құшақ қалды қыр жақта.
Санама күннің еш бірін,
Ескерме көлік ретін.
Тоқтапты кейін естідім,
Автобоз солай жүретін.
Көкейде тұрған сән құрып,
Сен салған бір өң емес пе?!
Жанымда жүрер жаңғырып,
Түсірді мол сәт сені еске.
Ол жаққа енді бет алып,
Түспейді мүлдем қарға ізім.
Жоғалған жоқ боп жеті әріп –
Сен сүйген әркез жалғызым.
Әрі қарай
Сыр толы көзбен сыр айыттың.
Арқалап өмір легін кіл,
Жүргенде мені мұңайыттың.
Көзінде іркіп тұрды іңір,
Төгілер сынды моншақ мұң.
Сағындым дедің мұңлы бір,
Шуағын аңсап сол шақтың.
Тамылжып сонда таң бөлек,
Бөлейді жанды нұрға бек.
Құмарым қайтем қанды ерек,
(кеудемді мәңгі тырнап өт)!
Албырттық күйден аса алмай,
Асықтық, білем, бұл баққа.
Кеудеге сені баса алмай,
Сол құшақ қалды қыр жақта.
Санама күннің еш бірін,
Ескерме көлік ретін.
Тоқтапты кейін естідім,
Автобоз солай жүретін.
Көкейде тұрған сән құрып,
Сен салған бір өң емес пе?!
Жанымда жүрер жаңғырып,
Түсірді мол сәт сені еске.
Ол жаққа енді бет алып,
Түспейді мүлдем қарға ізім.
Жоғалған жоқ боп жеті әріп –
Сен сүйген әркез жалғызым.