Қара жолдың үстімен арба жүрер...

Қазіргі заманда көліктің түр-түрі көп. Екі аяқты, төрт аяқты, ұшатын, жердің үстімен жүретін, судың астымен жүретін көліктердің сан түрін көзімізбен көріп жүрміз. Көзіміз үйренген көліктердің арғы атасы-арба. Қажеттілікке байланысты арбаның да түр-түрі бар. Қол арба, екі аяқты жеңіл арба, жүк арбасы деп кете береді. Тарихқа терең сүңгімей-ақ, арбаға көлік ретінде мінген соңғы ұрпақтың бірі ретінде, арба жайлы аз-кем айта кетсем деп едім. Мақсатымыз сапалы контент болғандықтан дәл осы тақырыпты алдым. Алып алдым да «Қазақша «Википедия» не депті ?", «Ел.кз» не деген екен ?" деп қарасам екеуінің жазғаны бір дүние. Құрылымы жайлы сөз жоқ. Біздің қолымызда толыққанды іске жарап тұрған арба бар делік. Еді, осы арбаны атқа жегу үшін бізге қандай заттар қажет және олардың атқаратын қызметі жайлы не білеміз?Ат-ер қанаты (ат әбзелдері, ер қаруы бес қару) қауымдастығы: Қара жолдың үстімен арба жүрер...
Қамыт. Ат арбаны тартқанда барлық күш тек аяғына не беліне түседі десек қателесеміз. Аттың арбаны тартудағы ең үлкен рөл атқаратын мүшесі-мойын. Ат арбаны мойнымен тартады десек те қателеспейміз. Қамытты көрмеген жадар болса түсіндіре кетейін Сырт кейіпі таға тектес құрылғы. Бірақ, көлемін олай елестетсеңіз қателесесіз.Тек, астыңғы бөлігі аттың мойнына киілген кезде қажетінше талтаятын және түбіндегі қамытбауды тартып байлаған кезде екі ұшы бір-біріне біріге қалады.
Доға. Арбаның екі жетегін керіп тұратын, арбаның қисайып кетпеуін, ат бұрылған кезде жетек арқылы арбаның да бұрылуын қамтамасыз етіп тұратын құрылғы. Бұл қамыттың сыртынан аттың желке тұсында тұратын зат. Жылқының еш жеріне тиіп, не киіліп тұрмайды.
Аттың үстінде тұратын ершік. Бұл ершіктің де атқаратын рөлі ерекше. Арбаның ұзын екі жетегін тек доғаға іліп қойсақ бұнымыз атқа да арбаның жетегіне де көп күш түсірер еді. Сол үшін осы ершікте көтерме баулар орналасқан. Осы баулар арқылы доғаға жетектер сәлде болса жеңіл байланады және арбаның біраз салмағы аттың беліне осы баулардың жетекке байлануы арқылы түседі.
Шілә(шля). Тармақ-тармақ болып атқа киілетін баулар. Кәдімгі ер-тоқымдағы құйысқан, өмілдіріктердің рөлін атқарады. Арбада тежегіш жоғы бәрімізге белгілі. Атты тоқтатқан кезде арбаның екпінімен қамыттың ат мойнынан сыпырылып кетпеуін қамтамасыз етеді. Яғни, ойлы-қырлы жерлермен жүргенде қамытты алға жібермей тұрады.
Енді, атты немен ырқымызға көндіреміз. Әрине, мұндайда жай жүгендер қолдануға жарамайды. Арбаға арналған жүгеннің екі тізгіні өте ұзын болады. Аттың езуінен басталған бұл тізгіндер екі сауырдың тұсынан салбырап, арбадағы адамның қолына емін еркін жететін болуы шарт. Бұны «Божы» деп атайды. Божыны екі жағынан қағып-қағып жіберіп, «шарт» еткізіп атты қамшылап отырасыз.
Арбаның құрылымы жайлы айтып болған соң аздап лирикалық шегініс жасауды жөн көрдім. Басында айтқанымдай бала кезімде арбаға міндім. Біздің үйде атамның әкесінен қалған ескі арба болды. Менің мектепке әлі бармаан кездерімде атам мен әжемнің осы арабмен қонаққа баратын кездері есімде. Өзім де сан рет міндім. Бертін келе заман талабына сай арбалар да жетіле бастады. Ортасы ағаш, сырты темірмен қапталған дөңгелектердің орнына шаруашылық машиналарының дөңгелектері салынып, қаңқасын да жеңіл материалдардан жасаған кездерде әлгі арбамыз біздің ойыншығымызға айналып қала берді. Ауырлығы сондай, 5-6 ойын баласы орнынан қозғалта алмайтынбыз. 7-8 жасар кезімде бір дөңгелегін әрең домалататыным есімде.
Соғыс бітіп, жұрт оң-солына қайта қарай бастаған тұста атамның әкесі әлгі арбасымен біздің ауылдан 300 шақырымдай қашықтықта жатқан бір ауданнан жамағайындарын көшіріп әкелген екен дейді. Қазіргідей «Жүк тасымалдау» фирмалары қаптап жатқан заманда көшуіміз мұң болып жүрген біздерге бұл ертегі секілді көрінуі мүмкін. Арбаға мінген бабалар армандап кеткен заманда өмір сүріп жүрген біздерде де талай арман бар…
Ат-ер қанаты (ат әбзелдері, ер қаруы бес қару) қауымдастығы: Қара жолдың үстімен арба жүрер...
Суретті алған жерім
Әрі қарай

Жетектің немесе қамқорлықтың әлегі...

сурет алынған жер
Құрсақтағы жетіліуші ұрық ретіндегі сәби — кіндігі арқылы анасының ағзасымен жүрек соғысына тікелей бағынышты. Ауа да, дамып өсу үшін қажет қорек пен нәр де анасынан беріледі. Кіндігі кесілген кішкентай адамға әліде болса қамқорлық керек, ол қамқоршылары — анасы мен акушерлер. Қамқоршылары — жөргектен құтылғысы келіп қарсы болған кіп кішкентай адамды оның ырқынан тыс қайталап орап тастайды. Енді ғана рахаттанып, құрсақ мейрамына қомағайлана кірісе бастағанда емшекке шектеу қойылады. Бұл кіп кішкентай адамзаттың өз еркімен ешнәрсе жасауына болмайды. Бәрін қамқоршылары шешіп отырады. Әлгі кішкентай адамзатымыз өсе бастайды. Апыл-тапыл қадам жасай бастағаннан ақ — өзі қызық көрген нәрселерін барып өз еркімен қызықтауына, ұстап көруіне(дәмін татуына) тағыда тыйымдар. Тағыда сол қамқоршылары(ата-анасы): «анда барма», «аузыңа салма», «айқайлама», «бұлай жасама». Қыл аяғы, сол кішкентай адамзаттың қашан ішіп, қашан тышуына шейін шешесі немесе басқада қамқоршылары шешеді. Ал енді қашан ұйықтап, қашан ойнауды айтпасада түсінікті.
Сонымен, бұл кішкентай адамзаттың ойы – «Қап бәлем, осыдан үлкен болып өсермін!»
Мектеп жасы басталды, енді не болмақ? Бұрынғыданда бетер, енді мұғалім(а), сабақ кестесі, қоңырау… Ал сабақтан кейін: үйдегі қамқоршыларына шамасының жеткенінше беретін парыздық көмегі…
«Мейлің дейді, есейе бастаған адам – Әліде өсермін».
Өскен сайын ол адазаттың қамқоршылары азаюдың орнына көбейіп, тіпті зорайып кетеді. Жоғарғы сыныптарда сыныптастарының қамқорлығын елемеу сөкеттік болып саналады. Бұл адам, енді үйдегі қамқорлықтан гөрі тыстағы(қоршаған ортасы) қамқорлыққа душар бола бастайды. Себебі, оның көп уақтысы сол ортада өтіп жатыр. Ортадағы әлеуметтік факторлар оның тәртібіне, өзін-өзі ортаға сай ұстауына себепкер болатыныда анық.
Қамқорлықтан еркіндікке шығу жайлы ой мазалауын қоймайды:
«Кәмелетке толсам, еркіндігімде көбейер, жаңа өмір басталар!». Тағда олай емес, енді басқа ортаның қамқорлығы басталады.
Мысалы, 18 жасыңда ғашықтықтың сиқыр сілемдеріне сүңгіп кеттің делік. Енді сол сезімнің тұтқынысың. Ендігі жердегі жетекшің сол. Сол адамның ырқына көніп, болмаса сол адамның арманына ортақтасқың немесе өз арманыңмен бөліскің келіп тұрады. Тағыда еркіндік жайлы арманыңа тұсау салынады.
Үйленіп алғаннан кейін өз еркіңмен шешім қабылдап, жарыңды ырқыңа көндіру тіпті мүмкін болмай қалады. Ендігі еркіндігің жанұяңдағы парызыңмен тұсалады. Өміріңді — жанұяңа, балаларыңа, олардың арманына арнайсың. Сенің арманыңда ендігі жерде жалтақтай бастайды. Балалар өскен сайын жаупкершілікте өсе бастайды, еркіндігіңді тағыда шектеуіңе тура келеді: достарыңмен сыр шертісіп сыралатқанды қойып, үйге қарай асығасың. Себебі, сені үйде жұбайың мен балаларың күтуде. Ал енді немерелі болсаң тіпті басқа күйге түсесің. Соншалықты сүйікті де сүйкімді, тәтті боларма? Өз еркіңмен солардың арманының тұтқыны боласың… «Өз балаңды өскенше, балаңның баласын өлгенше бағасың» — деген бар ау. Ендігі жерде, еркіндікті аңсап жүріп жинап алған кеселдерің есік қағып, достығын ұсынады. Олардан қашып дәрігерлердің қамқорлығына мойыныңды ұсынасың. Осылайша, ақырғы демің шейін біреуге тәуелді немесе біреудің қамқорлығында боласың.
Ақырып келіп, шешімі жоқ түйткіл пайда болады: сонда еркіндік, бостандық дегендер қайда? Тіпті сол бір тұжырымдардың адам өмірінде орны барма? Сонда біз нені армандап жүрміз? Айналамызға қарасақ, жоғарыдағы айтылғандардан басқа жолмен жетілген адамды таппаймыз. Сонда — еркіндік, бостандық деген құндылықтарымыз әлі шешімін таппай келе жатқаныма?
Еркіндік жайлы еркін ойланып көрелікші, ол не өзі? Ол, біздің қалауымыз бен талпынысымызға деген шектеулердің болмауы. Ол мүмкінбе? Біз социумда(қоғамдастықта) тұрамыз. Ал адам өміріндегі социум үнемі өзгерістерге ұшырап отырады, оның өзгеру жиілігіне байланысты мінездемесі де өзгерісте болады. Сол ортадан өзімізді қалай босатпақпыз? Ол, мүмкін емес нәрсе, біз сол ортаның бір бөлікшесіміз. Еркіндік жайлы тек армандай алатынымыз ғана болмаса, ортамыз үшін жаупкершіліктен тек жаратушының әмірімен бақилық болған кезімізде ғана құтыламыз.
– Кейде осы бір еркіндік деген қиялдың соңында кетіп көп нәрсені бүлдіріпте жатамыз. Көпті көрген, естоқтатқан ересек адамдар сол қиялдың соңында таңдап қосылған жарымен ажырасыпта жатса, кейбір жастар қиялдың соңында үйден қашып жатады...
Жалғасы болар...
Әрі қарай