Оянған ойлар-2. Мақымның мақамымен...

Ішіп кеткім келеді. Менікі Нұрекеңдей емес, анда-санда “за күйік” ішкісі келу. Сөйтсең бәрі дұрысталып орнына келе қалатындай. Жаман ойлап қалдыңыз ба, әрине “ақаңнан” емес, жай сырадан сыраптап қана. Өйткені, өзі өмір сүріп отырған қоғамға ешкімнің де көңілі 100 пайыз толған емес. Толған болса маған әкеліп көрсетіңізші. Мен содан интервью алайын  Зар заманның “зарлауықтары” қай кезде де табылады. Ұлтына өлердей жаны ашитын, тіл, дін, рух деушілердің!!! Аттан, ойбай аттан! Құрдымға кетіп бара жатқан да қазақ, өз елінде жүріп чмо болған да қазақ. Общем, абайламасақ, жаһандану деген айдаһардың аузында тұрмыз. Жыны келсе, бізді “әуп” деп жұтып қоюы мүмкін. Бірақ, че-то бізді әлі жұтқан жоқ! ( Бұдан тез жұтылуды армандап жүр екен деп ойланып үлгермеңіз). Жан-жағымызға қарап қалсақ, байбалам салып жүрген өзіміз екен.

Құсып кеткім келеді. Жоғары жақтағылардың құрып қойған системасына әсіресе. Сосын, “мен бастықпын, көңілімді табыңдар, мақтаңдар, ақша беріңдер, жағынып, қас-қабағыма қарап өмір сүріңдер, аяқтарыңнан ұшынан басып жүріңдер, бүгін көңілді екенімді көрсетпеуім керек, әйтпесе жылы жүзімді байқап қойса, подчиненныйларым түрлі просьбаларымен келіп, миды шірітуі мүмкін” деген сияқты. Орнынан босап қалмас үшін, өзінен жоғарылардың ұртын “бір майлап” қоюды ұмытпау, тағысын тағы осы сияқты түсініктерге, және креслодан айрылып қалмас үшін үреймен ұйықтап, үреймен оянатындардың бейшаралығына құсып кеткім келеді.

Ұшып кеткім келеді. Ұшып емес, безіп кеткім келеді. Безіп емес, білә, өліп қала салғым келеді. Қысқасы осы.
Әрі қарай

Жаһандану


Жаһандану туралы қазір кім айтпайды десеңші. Шынымен де жаһанданудың ұлтты жоя алатынын білгендіктен айтады. Оның дүлей күш екенін бәрі мойындайды. Егер де жаһандануға қарсы тұра алмайтын болсақ, ағысқа қарсы жүзіп неміз бар. Ғалымдардың айтуы бойынша, жаһандану дүние жүзіндегі барлық ұлттық мемлекеттерді (90% бір ұлттан құралған) жояды екен. Ал Қазақстанды (көпұлтты деп ақпарат құралдары жаһанға жар салатын Қазақстанды) біз ұлттық мемлекеттер қатарына жатқыза алмаймыз. Демек жаһандану алдында сол елдерге қарағанда дәрменсізбіз.

Сурет мына жақтан барымталанды.
Әрі қарай