Көмектесе аламыз ба...
Кезекті менің бұл тақырыбым осы сайтқа жазуға жарай ма әлде минус болама білмеймін. Бірақ кімнен сұрарымды білмедім. Нағыз жарамай жатса өшіре салармын. Бүгін мен интернетте отырып бір бағдарлама көрдім. Ол адам өмірін құтқарған батырлар туралы. Соңында рак ауруына ұшыраған кішкентай қызды көрсетті. Оның сыныптастары барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектеседі екен. Көріп, бір жылап алдым. Содан соң ойға қалдым, біздің елде де сондай көмекке зәру адамдар көп қой. Ауруларды санамағанда жетімдер, соның ішінде қазақтар қаншама. Бізде, шүкір, бәрі бар. Тіпті, қымбат сотка мен қымбат киім кимесем де мен өз күшіммен қалағаныма жете аламын. Ал кейбіреулердің оған шамасы жоқ. Бақытты отбасыда өмір сүргеннен артық қандай бақыт бар! Жетімдерге көмектесу — бала күнімнен ойымда бар еді.Тіпті, 3 жыл бұрын мектеп кезінде «алматы ақшамына» осы ойымды жеткізіп, мақаламды жариялаған болатынмын. Сонда мен бай адам болғым келеді, себебі мен сонда ғана жетімдерге көмектесе аламын дегем. Қазір де солай ойлаймын. Сонымен әңгіменің нақтысы, мен ешқашан жетімдер үйінде болмадым. Ойлап отырмын, осы жаңа жылда ең болмағанда бір балалар үйіне кішкене де болса да сыйлық жасасақ не болар екен? Мен әрине үлкен суммадағы қаражатпен көмектесе алмаймын. Бірақ қалай көмектесуге болады? Кім қалай ойлайды? Әлде босқа әуре болмау керек пе көп қаражат болмаса? Көп түкірсе көл болмай ма? Пікірлеріңізді жазуларыңызды сұраймын. айтпақшы, көрген бағдарламам: пусть говорят — не все равно тақырыбы
Әрі қарай