Ілмектерден іздеу
Апокалипсис: Тасқын. Vol.2

Шыны керек, әуел баста, асқазанының түп етегінен ала түскен суық сезім қайыршының түрінен болды деп ойлаған. Алайда, бірер секундтан кейін қорқыныштың өзі күткен, алайда бар жан-тәнімен қаламаған жағдайдан болғанын түсінді. «Не!? Қалай? Менің округімде!? Мүмкін емес! Неге!?» Сумаңдаған ойлар сондай бір сұмдық жылдамдықпен мидың түкпір-түкпіріне шашырап, бір-біріне соғылып, көбейіп, балалап, шерифтың қалың құйқалы, тікен шашты басына ұялап жатты.
Апокалипсис: Тасқын

Спасибо, Боже, что дал насладиться этим местом, перед тем, как здесь начнется Конец Света.
Симпсоны
— Хееееййй… Джооон! Қалллайсың!?
Терезе алдындағы үстелде сыра ішіп отырған қатпа қара есіктен кірген еңгезердей шерифті көріп, әкесі келгендей қуанды.