Жыл не берді, не алды?

Керектің тұлғалары жылдық қорытындыларын шығарып жатыр екен, ендеше мен де көштен қалмайын. 2013 маған екі бірдей қуаныш сыйлады, жалпы бұл жылдың менен алғанынан бергені көп болды-ау дейм. Ақпан айында Атырау қаласынан өз жеке пәтеріме қол жеткіздім, керемет болмаса да мен үшін үлкен жетістік. Сосын маусым айында ана атандым. Айды аспанға шығарғандай сезімдемін ))) Сол арқылы анама қуаныш сыйладым. Ах, ия былтырғы ақпанда іске қосқан шағын бизнес жобам жылдан аса жұмыс жасап, аздап та болса өз жемісін бере бастады. Ең бастысы балапанды болғанымды айтсаңдаршы! Жыл ішінде жағымсыз жағдайлар да болды, бірақ оларды жазуды жүн көрмедім. Ұсақ-түйектерді тізбектемейін, ондай-ондайлар әркімнің де өмірінде болар. Баршаңызға да келер жыл оң өзгерістер, сарқылмас ішкі энергия, энтузиазм, ілім-білім мен өмірге деген құштарлық, оптимизм мен махаббат алып келсін деп тілеймін!
Игі тілекпен: Блогшы (блог жазбайтын блогшы)
Әрі қарай