Құс қанат менің ғұмырым қанатын тағы бір қақты... (есеппост)

Тағы бір жылды артқа тастадық. Өмірімнің тағы бір парағы жазылды…
2013 мені қалай күтіп алып, қалай шығарып салып жатыр, есеп бере кетейінші мен де…

Отбасы
Әкемнің орыны ойсырап қалған жыл… Тамағыма тіреліп тұратын өксік аралас сағынышымды ешкімге көрсетпеуге үйреткен жыл. Әкемнің «Эпошым, Поным» деп еркелеткенін есітпей өттім бұл жылы.
Анама Астананы көрсеттім. Денсаулығы ұзақ жолға жарамай ма деп қорқушы еді. Әкем көре алмай кеткен әдемі қаланы көрді. Ендігі жыл Меккеге жіберуге мүмкіндік берсе екен…
Аға-жеңге, іні-сіңілі, ботақандарымның әрбір жетістігі үшін қуанумен болдым, болам да.

Қызмет
Бір саладан екінші салаға ауыстым. "Өсер бала Астанаға қарай жүгіреді" © деп, Астанаға келдім. Білмейтін көп дүниені үйрендім, білгендерімді пайдаға асырдым. Бәрінен бұрын қызмет ұсынған адамның үміті мен сенімін ақтауға барынша тырысқаным есте қалды. Жаман нәтиже болған жоқ деген сенімдемін, басшылықтың тарапынан жылы лебіздерді естіп жүрмін. Карьера жолында болашаққа нық басатын қадамдарымның бағыты айқындалды.

Денсаулық
Астанаға ауысарда суығынан қорыққанмын. Сынған сүйектерімді сырқыратып, жылы жаққа қайтарып жібермес пе екен деген қорқыныш болған. Жоқ. Қайта бұрынғы күйімнен жақсара түстім, денім де, тәнім де, жаным да сауықты

Достар
Өмірімде маған тек жақсы адамдар жолығады, достық ниетке дайын еместері өздері кетіп қалады. Дос жағынан еш жамандық та, сатқындық та көрмеппін, шүкір. Менің қазір Қазнетте алар орным болса, оған жеткізген — достарым. Бәрін де жақсы көрем

Саяхат
Биыл еңбек демалысы болмады. Есесіне, іссапарға шықтым. Жасыбайды көрдім алғаш рет. Бурабайға бардық, Шымкентке бардық, Алматыға бардық. Енді Астаналық болған соң  Алматыға қонақ боп қалдық)). Шетелге шыққым келген, тіпті, жоспары құрылып, уақыты белгіленіп қойған жерден болмай қалды. Ендігі жылға бұйырып тұрған шығар.

Жеке өмір
Құпия

Жаңалық
Астанаға көштім. Көөөп, өте көп жандармен таныстым. Хинкали пісіруді үйрендім. Шашымды қысқартып тастадым. Айқаракөзім Қазнетдодада 2 орын алды. Ощм жақсы жаңалықтарға толы болды

Жылан — менің жылым. Жемісті жыл болды. Келер жылдан күтерім көп. Биыл жіберген қателіктерді түзеп, мүлде қайталамауға тырыспақпын.

Жаңа жыл құтты болсын! Өзіңізді жақсы көріңіз, сонда әлем сізді сүйетін болады
Блог - aikarakoz: Құс қанат менің ғұмырым қанатын тағы бір қақты... (есеппост)
Әрі қарай

Жаңа жылдық қолдан жасалған дождик..

Жылдың аяғы, жұмыста болсаңыз отчеттар, студент болсаңыз сессия алқымыңыздан алып, мұрыныңыздан шаншылып жүрсізбе?! Қолыңыз тимей, жаңа жылға да үйді безендіріп үлгермеген боларсыз?! Бірақ, қам жемеңіз, көңіл күйіңізді түсірмеңіз! Шыршаны не үйді (ойыншық, дождик сатып алмай-ақ) өз қолыңыздан жасаған дүниемен сәндеуге болады. Бар-жоғы 7 минут уақытыңызды алады. Бұған керек заттарды да сатып алмайсыз. Ал, кеттік…
Әрі қарай

Эстафета: 2013 қалай өтті...

Тура 31 желтоқсан. Кеше ғана кенжетай екеуміз ауруханадан шығып келгенбіз. Ол оң қолын қайнақ суға күйдіріп алып, төрт күн жаттық қой, көзіміз бозарып, Ақыры, дәрігерлерге жалынғанына жалынып, ұрысқанымен ұрсысып жүріп, отызында үйге келіп алдық. Отыз бірінде перевязкаға барып келдік.
Әрі қарай

Жаңа жылды тойлауға және сыйлықтар сатып алуға қанша қаржы жұмсайсыз?

Жаңа жылды тойлау-тойламау, шырша қою-қоймау төңірегіндегі өте қызба, алай-дүлей жазбалар желтоқсан айында жазылады. «Жаңа жылды тойламайм» дейтін жандар:өзінің сол әрекетін абсолютті дұрыс деп, мақтан тұтып, Жаңа жылды мереке ретінде қарсы алатын адамдарды жек көріп, зілді сөздерін соларға арнап, шабаланады. Мұндайларды Жаңа жылды тойламайтындығы үшін емес, өз әрекетін өзгеге орындатқысы келгені үшін айналып өтемін. Шамасы жетіп, мүмкіндігі болып жатса әрекеті қарама-қарсыларды физикалық тұрғыдан мәжбүрлеуге ықыласты деп ойлаймын. Сауалнамаға жауап берейікЧ...
Әрі қарай

Сіздің жаңа жылға көзқарасыңыз?

Блог - Ereimen: Сіздің жаңа жылға көзқарасыңыз?Қайырлы күн керекшілер!!! көп болды блог жазбағалы, бүгін өзекті тақырыптардың бірі жаңа жыл туралы керекшілердің ойын білігім келіп отыр.
Қоғам болып қосылып, ел болып бірігіп тәуелсіздік тойлауы аяқталысымен қоғам пікірі екіге жарылады. тойлайтындар немесе бар білгенін айтып жаңа жылды таттаушылар ал сіз қай жағындасыз.
жалпы ғаламторды ашып қалсаңыз тілек іздеп шапқылағандармен тойлау дұрыс па деген сұрақ қойғандар толып жатыр.
сонымен
тойламайын деушілердің пікірі мынау.
Әрі қарай

Жаңа жыл жайлы жаңа жыр

Уақыт таппай бір мезгіл АЛЛАға біз,
Артық болды-ау кәпірден қалған аңыз.
Жаңа жыл деп жүгіріп, қарсы алуға,
Көктен Иса түсердей қамданамыз.

Адасқанды түзетер айлам бар ма,
Алысқан ғой олармен Пайғамбар да.
Мәңгүрт қазақ мәз болар мәнін ұқпай,
Қағбаны емес, шыршаны айналғанға.

Ойлануға ерініп милы адамдар,
Жасалуда қисынсыз қилы амалдар.
Ағыл-тегіл шашылар тойлатуға,
Құрбан айтқа тоқтысын қимағандар.

Шырша болып сол тойдың нақ талабы,
Балталылар орманға аттанады.
Зәм-зәм берсең зәресі кететіндер,
Шампан ішіп ол күні шаттанады.

Жаңа жылға жұмсалып қолда бары,
Жын ойнаққа айналар ордалары.
Сөйтуіне ұлықсат беріп қойған,
Аяз-ата дейтұғын молдалары.

Әрбір тойы болатын мағыналы,
Өткен күнді көңілім сағынады.
Аят айтып көрмеген ауыздары,
Тост айтқанда тосылмай ағылады.

Құлдық ұрып АЛЛАға тұрса адамдар,
Жасалмас ед тозақтық мұнша амалдар.
Баспанасыз адамды ойласын ба,
Мұзқалаға миллион жұмсағандар.

Арман Бердалин
Әрі қарай

2012 қалай есте қалды

Жалпы өткен жыл қандай жыл болды, немен есте қалды жаза отырыңдар.
Мен үшін төмендегідей болды.
Қаңтар — Жылдың басы жұмыс ауыстырумен басталды, Семейге іссапармен барып қайттым.
Ақпан — Керемет қырып жұмыс жасап жатырмын. Жаңа жұмысыма ризамын.
Наурыз — Алғаш рет Наурыз мерекесіне қатыспай қашып Форт Шевченкоға кеттім, (мекеме тіккен киіз үй, соны күзету, қазан ошақ тасу деген сияқтылар ғо). Қуырдақтың көкесі келгесін болды әрине, бірақ өкінбеймін.
Сәуір — Есімде нақты жоқ, бітпейтін жиналыстар айы болды.
Мамыр — 8 мамыр „Автокад оқиғасы 2„ лицензиясыз автокад орнату туралы ауызша бұйрықты орындамайтыным туралы жазбаша жауап бергенім үшін сөгіс алдым. Алғаш рет мекемемен жеңіс парадына шықтым. 10 куні жұмысқа зауқым болмай 3 күн ауырып қалдым. 14 күні жұмыстан кету туралы арыз жаздым.
Маусым — күтпеген жерден отпуск берді, ең аз отпускім 22 күн.
Шілде — Алғашқы ақысыз демалысым. Еркімнен тыс бессодержаниеге шықтым.
Тамыз — Ақыры жұмыстан шығып тындым. Жаңа жұмысқа кірдім.
Қыркүйек — Жаңа үйге көштік, енді ауылда тұрамыз.
Қазан — Ауылда сібет жоқ. 2 апта жүріп жалғаттық көптеп-көлемдеп.
қараша — Бітпейтін шабыспен өтті, нақты ештеңе болған жоқ айтарлықтай.
Желтоқсан — Алғашқы боран, қар, су жылтатын бойлерімді қатырып алдым, тесіліп тынды. 29 Желтоқсан балалар ойнайтын алаңға машинамды шығарып қойғаным үшін 6МРП штраф кидім.
Әрі қарай

Жаңа 2013 жыл құтты болсын!

Құрметті сайттастар!



Келе жатқан Жаңа Жыл құтты болсын! Барлықтарыңызға және отбасыларыңызға амандық, денсаулық, шаттық, табыс, сәттілік тілеймін. Жаңа жыл жаңа қуаныштар әкелсін. Жақсылығы мол жыл болсын. Сайтымызда да сапалы мазмұн және салмақты пікір көп болсын.

Зор құрметпен админдерің.
Әрі қарай

ЖАҢА ҚЫЗМЕТ - ЖАҢА ЖОСПАР

Мені құттықтауларыңызға болады.
Өзім қалаған, өзіме ұнайтын жаңа қызметке орналастым.
Жаңа жылға үлкен тосын сый болды. Күтпеп едім.
Айды аспанға бір-ақ шығардым-ау!!!
Әрі қарай