Баланы туу және оны күтуге байланысты берілетін төлемақыны қысқартуға қарсы петицияның нәтижесі болмады, мүмкін қазақстандық болған соң болар. Енді халықаралық деңгейде Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы петиция елбасымызға жетсе, қандай да болса нәтиже болар деп үміттенемін. Бәріңіздің де әлі зейнетке шықпаған апаларыңыз, сіңлілеріңіз, әйелдеріңіз, жақсы таныстарыңыз, құрбы-құрдастарыңыз бар ғой, соларды қолдаңыздар. www.avaaz.org/ru/petition/Otmena_zakona_o_povyshenii_pensionnogo_vozrasta_zhenshchin_Kazahstana/?cZuTzeb
Жалпы зейнеткерлік бәрімізге де қатысты ғой, түсініксіз өзгерістер енгізіп жатыр, ертең сол жинаған ақшамыз қолымызға тисе, соған шүкір деп отыратын шығармыз.
Ағылшын ғалымдары 40-тан асқан әйелдердің психологиясын зерттей келе, осы жасқа келген нәзік жандылардың жеңілтектікке салынатынын байқаған екен. Олар қарсы жыныстағылармен таныса сала көңіл көтеруді қалайды. Салмақты ойлап, саналы шешім қабылдауды ұмытып, жас бойжеткенше қылмыңдап, қылық таныта бастайды екен. Сонымен бірге бұл жастағы әйелдер серігінің бойындағы кемшіліктерге де аса мән бере бермейтін болады.
Қан төгілсе – қасірет, жас төгілсе – мұң ғана… Солай ма? Сіз білесіз бе, көз жасының химиялық құрамы қан құрамына ұқсайды. Болмашы ғана өзгерістері бар. Көз жасының бір тамшысы адам ағзасы туралы ақпаратты қаннан кем бермейді екен. Адамдар неге жылайды? Ер адамдар неге көз жасын көрсеткісі келмейді? Әйелдер неге көз жасымен қорғанады?