Сайлаудағы саяси жүріс...

Біздің журналистерге рейтинг болса болды ғой шіркін! Өзі түсінбей отырған халықты "Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова депутат болады" деген тақырыптармен одан сайын шулатып қойды.

Біріншіден, кандидат болды деген мандат алып депутат болды деген сөз емес. Әзірше олар жай ғана тізімге енді.
Екіншіден, бұл деген саяси жүріс. Яғни, танымал адамдарды тізімге енгізе отырып халықтың сайлауға деген көңілін бөліп, көбірек дауысын жинау. Уақыты келген кезде сол «вид» үшін жүрген әртістер өздерінің дауысын лайықты деген немесе билік айтқан үміткерге беріп шетке жылжи салады. Бұл жерде олар өздерінің жас екендерін, ағаларға сенетіндерін айтып халықтың алдында тағы бір мәрте беделдерін көтеріп қалады. Жақсы емес па?

Үшіншіден, жылына 2,5 миллион доллар табатын Қайрат Нұртас 500- ақ мың үшін әншілігін қойып депутат болады дегенге сенбеймін) Сондықтан-да сабыр сақтайық!

Өзім, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан ағамыз депутаттықтан үміткер болғанына шынымен қуандым! Сәттілік аға! Мүмкін Сіз, мандатқа мұқтаж емес шығарсыз. Бірақ, Ел Сіздей депутатқа мұқтаж!
Әрі қарай

Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалованың жаңа әні - "Сен мені түсінбедің"

Кез келген концертіне мыңдаған көрерменді жинап алатын Қайрат Нұртас пен Еліміздің көк байрағын биікте желбіреткен сұлу әншіміз Жанар Дұғалова дуэт болып ән айтыпты. Әні керемет! Ол — бұрын Қайраттың өзі жалғыз орындап жүрген «Сен мені түсінбедің» әні. Әннің мәнді-мағыналылығын оған түсірген бейнебаяны одан сайын әсерлі қылып тұр.
Дайындық кезінде бір-біріне ғашық боп қалған екі әнші сахнада бірге ән орындайды да, соңында екі бөлек кетеді…

Әрі қарай

Turkvision-2014 туралы

Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Түгел түркі баласы көз тігер #Turkvision2014 байқауының іріктеуін де көрдік. Шоубиздің даму жолына, бағытына қызығушылық танытатын жанның бірі ем. Бұл да бір нысан болды. Байқау ұйымдастырушылары өте жақсы дайындалыпты. Сахна сайлы, зал жайлы. Пирамиданы айтам. Жарқ-жұрқ еткен шамдар, көз жауын алар декорация, мың құбылған экран...
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Жә, ауыздың суын ағызы бермей, тойдың өзіне келейік. Барлығы туралы әңгіменің қажеті жоқ, өзім ұнатқан немесе ұнайтын әншілер туралы сөз еткім келді. Бардық. Көрдік. Көрген бойда МАРХАБА СӘБИЕВА деген керемет әншіге тап болдым. Бірақ неге керемет екенін, несін ұнатқанымды білмеймін) Әйтеуір әлі тамсанып отырмын.
Әрі қарай