Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі

Оның әкесі керемет аңшы еді. Ауыл ақсақалдарының бірі бола тұрса да, аңшылық кәсіпті сүйікті ісіне айналдырып алған. Қобылан биыл 7-сыныпқа барған-ды. Қобылан — ашық мінезді, «ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» деген мақалды өмірінің ұстанымына айналдырған, айтқанынан қайтпайтын қайсар, ержүрек бала еді. Ауызынан бір жаман сөз шықпайтын. Достарының арасында беделді еді. Бірақ… Бірақ, достары өзіндей емес-ті. Достарының жартысына жуығы қояншық, сотқар балалар еді. Қобылан достарын қанша түзегісі келсе де, онысынан түк шықпады. «Ауру қалса да, әдет қалмайды».
Бірде, Қобылан достарымен балалық ойындарын ойнап жатқан еді. Оның Дәурен есімді досы болған-ды. Сондай сотқар бала еді. Аузынан жұрттың шешесін тастамайтын-ды. Сол ойын арасында, «ойыннан от шығып», Дәурен аңдамай сөйлеп, Қобыланмен сөзге келіп қалып, шешесін аузына алған-ды. Қобылан досының бұл жаман сөзіне қатты ашуланып, шамына тиіп кеткені соншалық, қаны басына шауып, Дәуренді ұра жөнелді. Достары әрең дегенде айырып алды. Бірақ Қобыланның ашуы тарқамады. Ол үйіне қарай жүгіре жөнелді. Үйіне кіре сала, төрдегі оюлы кілемде ілулі тұрған мылтыққа қарай беттеді. Мылтықты қолына ұстады да, Дәуренге қарай жөнелді. Әкесі ол кезде ұйықтап жатқан-ды. Әбден ашуға булыққан Қобылан Дәуренге мылтықты кезеді де, шүріппені басып қалды… Өмір мен өлім арасы… Қан… Шулаған дауыстар… Қобыланның құлағы тұнып қалды. Не болғанын, өзінің не істегенін білмей, есінен танып қалды. «Шайтан түртті ме?»… Барлығы бір-ақ сөзден басталды. Ол — жұрттың шешесін аузына алған — Дәуреннің сөзі. Қобылан әлі кішкентай болғандықтан оның әкесін тұтқындауға тура келді. Сөйтіп, Қобыланның әкесі түрмеге жабылады. Ауыл у-шу болды. Өйткені дәл мұндай оқиға, дәл мұндай өлім, шағын ауылда алғаш рет орын алған-ды. Сол оқиғадан кейін ешбір бала жаман сөз айтпайтын болды. Бір оқиға ауыл адамдарына сабақ болды. Бір өкініштісі, Қобыландының әкесі тұрмеге жабылды, Қобылан жетім қалып, балалар үйіне табысталды. Өмір деген осы…

Бұдан шығатын қорытынды: Достар, ешкімге жаман сөз айтып, ренжітіп алмайық. Аңдамай сөйлейміз деп, ауырмай өліп кетпесек болғаны. Ешқашан жұрттың шешесін ауыздарыңызға алмаңыздар. Бір жаман сөздің кесірінен қаншама адам өмірі ластанды. 1. Дәурен өлді. 2. Қобыландының әкесі түрмеге жабылды. 3. Қобылан балалар үйінен бір-ақ шықты. Ешқашан мұңаймайық, әрқашан көңіліміз көтеріңкі, жүзімізден күлкі кетпей, бақытты өмір сүрейік!

Пы\сы: Оқиға желісі, ойдан шығарылды. Бұл оқиғаны шығарған себебім: ЖАСӨСПІРІМ балаларды жаман сөз айтудан аулақ болдыру, жаман сөздің арты неге апарып соғатынын ұғындыру.
Әрі қарай