Ең қиын тіл қандай?

«Генеалогиялық жағынан туыс тілдерді меңгеруде біраз жеңілдіктер болатындығы рас, қалай болғанда да лексика-грамматикалық ұқсастықтар, сәйкестіктер молынан ұшырасатындықтан туыс емес тілдерді меңгергенге қарағанда анағұрлым жеңіл. Дегенмен тілдерді «бай тіл», «кедей тіл» деп бөлуге болмайтындығы секілдіең қиын, ең жеңіл, оңай тіл деп бөлу де қисынсыз деп санаймын. Әрбір тіл белгілі бір коммуникативтік қызметті атқарады, өзіне тән ерекшеліктерге ие, біреуге қиын, біреуге жеңіл...» — дейді әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология ғылымдарының доценті Мәмбетова М.
Аталмыш оқу орнынының 2 курс студенті (филология факультеті) Жақыпова Жанар былай дейді: «Алтай тілі тобына жататын моңғол, қалмақ тілдерін үйрену қиын емес.Сол сияқты орыс тілін еркін білетін адамға болгар, поляк, словак тілдерін, тіпті үнді –еуропа тобына жататын неміс, швед, тәжік тілдерін үйрену, түркі, фин –угор, семит тілдерін үйренуден гөрі оңайырақ болуы мүмкін».
«Қайсыбір тілді үйренудің оңай не қиын екені туралы сұрақты жалпылама түрде қоюда мағына жоқ. Бәрі де кімнің үйренетіне, нендей мақсатпен және қандай жағдайда, қалай үйренетіне байланысты» — деген пікірді айтады өзін Сафиназ деп таныстырған ұйғыр қызы.
Әрі қарай