Қазақ тойларында елді аузына қаратқан өнерлі балалар

Блог - GulnurZhaksylykova: Қазақ тойларында елді аузына қаратқан өнерлі балалар
Той қашанда қазақ үшін ұлттық тәрбие мектебі болды. Тойға жиналған қауым әдетте есті сөз тыңдап, әулеттің өткен-кеткенін еске түсіріп, шежірені зерделеріне тоқып, туған-туыспен қоян-қолтық араласып, арқа-жарқа болып жатады. Мұнан бөлек, қазіргі таңда жиналған жұртшылықтың көңілін көтеретін ойын-сауық бөлігіне баса мән беріледі. Алайда қазіргі қазақ тойларындағы өнерпаздар мен асабалардың «жасарып» бара жатқанын байқауға болады. 7 мен 15 жас аралығындағы балалар ел алдында той басқарып, түрлі өнерлерімен ғаламтор жұлдыздарына айналуда. Оның ішінде халықаралық байқаулардың жеңімпаздары да, әншілері де, бишілері де бар. «Еуразия» бірінші арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымы қазақ тойларындағы балалар өнеріне арналады.



Жас баланы ел алдына ерте шығару дұрыс па, бұрыс па? Жастай танымалды болу бала психологиясына қалай әсер етеді? Әлде «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, той өнерлі балаларды үлкен сахнаға тәрбиелейтін алаң ба? Осы және басқа да сұрақтарға жауапты сенбі күні 21:45-те «Еуразия» бірінші арнасының эфирінде «Кешкі кездесу» бағдарламасының студия қонақтары беретін болады.
Әрі қарай

«Дос-Мұқасан» ансамблі 50 жылдық мерейтойының құрметіне бүкіл Қазақстанды аралайды

Блог - GulnurZhaksylykova: «Дос-Мұқасан» ансамблі 50 жылдық мерейтойының құрметіне бүкіл Қазақстанды аралайды
Биыл 2017 жыл аты аңызға айналған қазақстандық «Дос-Мұқасан» ансамблі мерейтойын тойлайды. Сахнада өнер көрсеткендеріне 50 жыл толуына орай өнер ұжымы Қазақстан қалаларын аралап, концерт ұйымдастырмақшы. Үлкен сапарларын ансамбль Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы кеш, Қазақстан!» музыкалық шоуының алаңынан бастады. Онда әртістер репертуарларындағы ең танымал әндерді – Нұрғиса Тілендиевтің «Куә болын», халық әндері «Әпитөк» пен «Қыздар-айды», сонымен қатар "Ғашықтар əні" мен «Астана мен Алматыны» шырқады.
«Ұжым сонау 1967 жылы Қазақ политехникалық институты жанынан құрылды. Сол жылдары Павлодар облысының Баянауыл ауданында институттың құрылыс жасағы үй салады. Құрылыс жасағында жүріп жас өнерлі жігіттер – Досым Сүлеевке, Мұрат Құсайыновқа, Хамит Санбаев пен Александр Литвиновқа заманауи эстрадалық ансамбль құру туралы ой келеді. Ансамбльдің атауы да осы жігіттердің есімдерінің бастапқы буындарынан құралған. Уақыт өте келе топтың құрамы өзгеріп отырды. Топқа үнемі жетекшілік етіп, басы-қасында жүрген Мұрат Құсайынов болды. Топтың бір мүшесі кеткен кезде Мұрат Құсайынов ұжымға консерватория түлектерін, басқа да музыканттарды шақырып отырды. Осылайша 1978 жылы мені де шақырды. Алғаш рет мен «Дос-Мұқасанда» 7 жыл еңбек еттім. Ары қарай «Гүлдер» ансамбліне жетекшілік еттім, жеке әнші ретінде өнер көрсеттім, өзіндік продюсерлік орталығымды аштым. Осы жылдар ішінде «Дос-Мұқасанға» деген алғысым шексіз болды. Топқа екінші қайта шақырған кезде ойланбастан келістім. Ансамбль – менің жастық шағымның белгісі. Өзімнің достарым – дарынды музыканттардың ортасында өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. Биыл – бізде мерейтой. Жақын арада Қазақстанның қалаларын аралап, концерттер береміз. Ең ауқымды шоуды Алматыдағы Республика сарайында көрермен назарына ұсынамыз. Классикаға айналған хит әндерден бөлек, концерттерде жаңа әндерімізді де орындаймыз», — деп топ мүшесі Ақжол Мейірбеков ой бөлісті.
Әрі қарай

Қазақтың халық әнін нақышына келтіріп орындаған «Турецкий хоры» ұжымы елді тәнті етті

Блог - GulnurZhaksylykova: Қазақтың халық әнін нақышына келтіріп орындаған «Турецкий хоры» ұжымы елді тәнті етті
Танымал ресейлік «Хор Турецкого» ұжымы қазақтың халық әні «Назқоңырды» нақышына келтіріп орындап, қазақы көрерменді таңдай қақтырды. Десек те, музыка – ұлт пен нәсілге бөлінбейді. Тек жанды дауыста ғана ән орындайтын тілі мен ділі басқа өнерлі жігіттер «Қайырлы кеш, Қазақстан!» жобасының сахнасында тілдерін барынша сындырып, әсем әнді әуелете шырқады.


Жігіттің қыз баласына деген әдемі сезімін бейнелейтін әннің сөздері қандай әсерлі болса, әуені де сондай сазды. Сондықтан болар, халықтың баға жетпес қазынасына айналған «Назқоңырды» дәстүрлі әншілерден бастап, бүгінгі таңда талғамы биік эстрада өкілдері де орындап жүр.
Эстрада жұлдыздарының ішінде Роза Рымбаеваның, Медеу Арынбаевтың орындауы халықтың есінде ерекше қалды. Ал жастардың арасынан бұл әнді «Superstar.kz» байқауының жеңімпазы Қайрат Түнтеков 2010 жылы Юрмалада өткен «Жаңа толқын» халықаралық байқауында орындап, төртінші орынды иеленген болатын. Ізінше бұл әнге бейнебаян да түсірді.
Әрі қарай

Жазда қайда демалған дұрыс?

Жаз келе барлығымыз көптен күткен демалыста әлдебір жаққа аттанып, жаңа әсерлер алып, күнге қыздырынып, суға шомылып, жыл бойына жететін күш-қуат жинап алуға тырысамыз. Біреу демалыс дегенді тек шетел асумен байланыстырса, басқалар өз еліміздің көркем табиғатына жететіні жоқ деп санайды.
«Кешкі кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымы осы демалыс тақырыбына арналмақ. Студияға жасы 80-нен асқан Лена Тоқсанбаева әже келеді. Ол зейнетке шыққан сәттен бастап, шетел аралауды бастаған. Немересі Айдын Тоқсанбаева екеуі Еуропада, Америкада, Азияның бірнеше елдерінде болған. 80-нен асқан әжей құрлықтан құрлыққа ұшақпен қиынсынбай жол жүреді. Одан бөлек, студияға демалыс үшін тек Түркия мен Мысырды таңдайтын Арай Дегенбаева мен Жұлдыз Дүйсенова келеді. Олар отбасымен ылғи 1 млн. теңгеге қыдырады екен. Ал 35 елде болған саяхатшы әрі журналист Роза Есенқұл керісінше 300 мың теңге ғана жұмсап, демалуға болады дейді. Өзі оның жолдарымен бөліседі. Бағдарламаға қатысатын профессор, медицина ғылымдарының докторы Оразбай Әбдіқадыров тек елде демалған дұрыс деп санайды. Ол көбіне шипажайда демалады екен. Студия қонағы ретінде шақырылған шипажай өкілдері мен тіс қаққан туристер қай жерде көп шығындалмай, жақсы демалуға болатынын айтып береді.
Алдағы демалысты қызықты еткіземін десеңіз, Еуразия бірінші арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасын сенбі күні сағат 21:00-де тамашалап, кәдеңізге жарайтын көптеген пайдалы мәлімет алыңыз.
Әрі қарай

Ел естімеген ем

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде». Алайда, ауыра қалсақ, сырқатымызға шипа болар ем іздейтініміз анық. Көпшілік әдеттегідей емханаға барып, білікті дәрігерден кеңес алып, еміне шипа тапса, кейбір адамдар емші-тәуіптерге қаралуды құп көреді.
Бағдарламаның бұл шығарылымына еліміздегі емдеу тәсілдері «ерекше» емшілер қатысты. Орта білімі ғана бар Жүсіп атты емші адамдардан қан алу арқылы шипа жасайды. Ал Шымкенттен келген Берік науқастарды өзінің арнайы асатаяғымен, музыкалық аспаптармен емдейді. Ал Исфат есімді шаман дауылпаздың, будда кеселерімен ем жүргізеді. Өтеміс ақсақал ем үшін түйенің зәрін қолданады. Және оны студияда ішіп көрсетеді. Бағдарламаға бұдан бөлек дәрігерлер және діни өкілдер қатысады.
Бағдарламаның кезекті шығарылымын Еуразия бірінші арнасының эфирінен сенбі күні 21:00-де тамашалаңыздар!
Әрі қарай