Қызбалаға өзгеше, әдемі есім қою керек болып жатыр!!!

Алдыңғы күні біреу түсімде: — Мысыққа басыңды сипатып көрші. Соның өзінен де мейірім сезінесің!-дейді.

Талғат, Жәнібек, Аяулы, Гүлжан, Серік, Айбек, Балжан… Санап біте алмайсыз. Өйткені адам есімдері өте көп.

Осыдан сегіз ай бұрын анам маған қоңырау шалып өзінің жүкті екенін айтты. Қуанғанымды-ай! Енді міне айы, күні жақындап, УЗИ дегенге түсірген екен, қыз екендігін айтыпты. Қалпағымды аспанға лақтыра қуандым. Қалпағым әлі түскен жоқ:)

Құрметті де көңілі ашық керекинфо блоггерлері. Сол қарындасыма ат керек енді. Анамдікі сияқты (Анамның аты — Бірсұлу) ешкімдікіне ұқсамайтын, ешкімде жоқ ат қойғым келеді.

Ойларыңызда жүрген (немесе ойланып) жақсы есімдерді осында жазсаңыздар, дән риза болатын едім…
Әрі қарай