Мен Керекке қайта келдім

Мен Керекке қайта келдім

Мен бүгін КерекИнфоның не екенін білем. Ондағы адамдардың да 90 пайызын танимын. Күнде кірмесем де, аптасына екі рет кіріп, жұрттың жазған посттарын оқып тұрамын. Кейде шеттен тыс патриотизммен немесе өз ойымен бөліскен жандардың жазбаларын көріп жымиямын. Сосын бірден посты емес, астындағы коментті оқуға асығам. Бірақ бұрынғы қасқыр коменттерді көп байқамаймын. %)

Бұндай коменттердің жоқтығына бір жағынан қуансам, бір жағынан жыным келед(і). Жыным келетін себебі, басыма бірден «неге ол мен өткен мектептен өтпейді?» деген сұрақ туады. Мүмкін, дәл қазір «сен нағыз эгоист екенсің» деп ойлап отырған шығарсыз. Бірақ бұл шындық. Ал қуанатын себебім, монтитордың ар жағындағы адамның өзі жазған постының астындағы коменттерді көріп, керектен ұшынып кетпейтіндігі.

Бүгін мен керекке қайта тіркелдім. Тура бір заттан ұшынып, ұзақ уақыт қарай алмай қалған адам ұқсап, 4 жылдан кейін ойлана-ойлана кері дәмін татуға бел будым. (дисын)

Блог - Altynai_serikbay: Мен Керекке қайта келдім
Қалай ұшындым? КЕРЕК сонша не істеді?

Ол кездееее деп бір қартайып қалған адам ұқсап сөйлемей-ақ қояйын. Тек осыдан жаңа айтқанымдай, 4 жыл бұрын өзі жазған шығармаға өзі дән риза 10 сынып оқушысы едім. Ол кезде анааау гос.заказбен жазатын газеттер сияқты тақырыптың өзі атойлап тұратын. Сосын мақала мен шығарманың айырмашылығын да аса біле бермейтінмін. Тек болашақта журналистикаға түсіп, оның ішкі кухниясымен танысқым келетін. Сөйтіп жүргенде ағайымыз журналист болғыларың келсе, «КерекИнфо» деген сайтқа тіркеліп, сонда жазыңдар деді. «Ол не? Қайдағы сайт? Оған қалай тіркеледі?» деп біраз жүрдік. Содан не керек, 5 қыз жабылып жүріп сайтқа әзер тіркелдік. Басында ұнады. Газет сияқты емес. Өзің жазып, өзің жариялайсың. Ешкім тексеріп «мұның дұрыс емес» деп мұрынын шүйірмейді. Тек оқырман ғана өз бағасын береді. Мәә, бұл сайт дегенің жақсы екен деп, екі-үш газетке дайындап жүрген шығармамызды бірден жариялай салдық. Түнде салған шығармамыз таңертен қарасақ, ойбууу болып жатыр ғоо. Ананың астындағы коменттер құдай салмасын енді. Көзімді бір ашып, бір жұмып қыздарға хабарлассам, олар менің арғы жағымда екен. Егер мына адамдар журналист болса, қандай жаман адамдар деп ойладым. Бесеумізде жазатын да, сайтқа кіретінде ынта қалмады. Үш қыз сол күні сразу журналист болам деген ойынан айныды. Ағайға барып « біз енді ол сайтқа жазбаймыз десек, онда баға шығармаймын» деп қорқытты. Құдай-ау, енді қайттік? Баға шығармаса оқудан шығамыз. Одан да ана аты жаман сайтқа жазайық. Уже үшінші жазбаны салған кезде « бір-бірімізден саған анау жазды ма? Маған мынау жазыпты» деп аттарын айтып, өмірдегі ең соңғы оңбаған адамдардың қатарын толтыратынбыз. Әсіресе «Сатыбалды, Мейіржан, Жалғас, Асау Бота, Гаста» деген аттарды жек көретін едік. Негізі тізімі көп еді. Қазір есімде жоқ. Тек өмірде көрсек, бақырып ұрысқымыз келетін) «Бізге жаман сөздер жазғанша не бағыт бермейді екен?» деп жынданатынбыз. Төртінші жазбаға әдейі ғаламтордан танымал ақынның өлеңін салдым. Мүмкін бұл өлеңге ештеңе жазбас деген оймен. Бірақ қайдағы өлеңнің жілігін шағып, талдап, еще құсып кетті. Сол уақытта мен үшін әрі қарай жол жоқ сияқты көрінді. Бұл адамдардың бізге тиіскеннен басқа шаруасы жоқ па екен? Қандай адамдар деп қатты таңғалатынмын. Бізді бәрі танып «Инкар Хамиттың бандасы» дейтін болды. Күннен күнге минусқа кіре бастадық. Оған үш қыз мәз. Тез сайтқа жаза алмайтын болып қалсақ деп армандады. Мен өзімше минусқа кіргім келмей әңгіме жаздым. И еще ол әңгіме мохаббат туралы еді. Ибай, ол тақырып маған не керек екен? Сосын сол күні компьютердің алдында отырып, еңіреп жыладым. Астындағы коменттер ужыс кино еді. Сол күні өзіме енді ешқашан керекке жазбаймын деп уәде бердім.

Қайта келуге қорықтым
Содан кейін көп нәрсе өзерді. Бесеумізде журналистикаға бармадық. Менің оған өз себебім болды. Қалғаны өз қалауларымен басқа мамандық таңдады. Кешегі аты жаман адамдармен өмірде таныстым. Бірі аға, бірі жақсы сыйлас адамға айналды. Ойым өзерді. Есейдім. Ал қалғандары үшін бұл аттар қорқынышты естелік қана болып қалды. Керек менің өмір жолымда үлкен мектеп болды. Бүгін былдырлап бірдеме жаза алатын болсам, бұл керектің арқасы. Осыдан кейін ғана жәй-жәймен қалыптаса бастадым. Оқу, іздену керектігін түсіндім. Сынды қабылдап үйрену керектігін ұқтым. Алайда, керекке қайта тіркелуге жүрексіндім. Тура бәрі бетімнен алып, қауып алатындай болып тұрды. Міне, қазірде бойымды біртүрлі сезімдер билеп жатыр. Бірақ енді көрейік. НЕ БОЛАР ЕКЕН?!
Әрі қарай