Наурыздағы оқиға

Ұлыстың ұлы күні де жақындап келеді. Осыған орай, бір кездері "Ұлан" газетіне жарияланған "ірі" туындыларымның бірі — «Наурыздағы оқиға» атты өлең ертегімді ұсынғым келіп отыр.
Наурыздағы оқиға
Үйрек-қалпында емес ©
Аязды ақпан кетті де,
Наурыз келді күлімдеп.
Күн сәулесін төкті кеп,
Аямады нұрын көк.
Сақылдады сауысқан,
Бар тіршілік оянды.
Жар салуға Арыстан,
Жұмсады сұр Қоянды.
Шарлап Қоян тоғайды,
Деді:
— Асыр сап ойнаймыз.
Алаңда ең қолайлы
Наурыз тойын тойлаймыз.


рте-ерте-ертеде…ерте болғанда осыдан шамамен он жыл бұрын болса керек, Алатаудың етегіндегі Алматы дейтін қалада Айжан атты кішкентай қыз өмір сүріпті. Жасының қаншада екенін білмедім, бірақ папасы мен мамасының айтуынша “Нешедесің?” сұраған адамға бес саусағын тарбитып көрсетуін осыдан үш жыл бұрын қойса керек. Айтпақшы, алты жасында мектепке барған Айжан осы мен әңгімелеп отырған сәтте екінші класты әне-міне бітірейін деп жүр екен. Сөмкесі өзінен дәу, шашын екі өріп алған осы бір кішкентай сары қызды көрші-қолаң қатты жақсы көретін.